profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от evelina55777

Сочинение на тему Абай Кунанбаев на казахском с переводом

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан maudarbekova

    Абай Құнанбаев

    Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой.санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық.дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой.тұжырым.

    Абайдың атын әлемге әйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Әуезов те жаңаша ой толғап, соны шешімдер іздегенде Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай болатыны байқалады. Әрине, Абай ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.

    Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден.бір қажет және мұның өзі ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз. Әрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы пікір толғаған сөздері өз алдына.

    Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!


Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.