Объяснение:
Үкілердің өмірі құпияға толы. Бұл көбіне түнгі құс болуына байланысты. Ал түн әрқашан адамдарға құпия мен жұмбаққа толы болып көрінеді.
Ұлттық наным-сенім бойынша үкінің үлпілдеген қанаты жас нәрестелерді жын-періден қорғаса, бас киімге тағылғаны – бақыт, ал аспаптарға байланғаны олжаға кенелтеді. Мұсылмандар үкіні киелі санайды. Себебі олар ол құстың қанатында Құранның құпия сөздері жазылады деп ұққан. Ел аузындағы аңызға сүйенсек, ертеде Нұх пайғамбарға Қазығұрт тауына қарай жол сілтеген үкі құсы деп айтылады. Соған байланысты Нұх пайғамбар үкіге «орман тоғайдың иесі бол, шаңырақтың киесі бол» деп бата берген деседі. Үкі – жол көрсетуші құс. «Халық айтса, қалт айтпайды» демекші, үкімен байланысты салт-сана, наным-сенімнің негізі бар. Үкі құсының киелі саналатыны бекерге емес. Біріншіден, ол Нұх пайғамбардың батасын алған құс екен. Содан да болар, адамдар оның қауырсынын «тіл-көз тимесін» деп, баланың бесігіне, қыздың бөркіне тағатын болыпты.
Бөбек кейде жалғыз қалғанда керегеден кіретін жылан, қарақұрт сынды улы жәндіктер мен құрт-құмырсқалар үкінің қауырсынына жоламайды екен. Қазақ сол үшін сәбидің киіміне және оның бесігіне ілген. Қадам баса бастағанында аяғын босағаға байлап, арқасына тоқпақтай осы құстың үлпілдегін қыстырған. Ал, өмірде үкіні көру – жақсы белгі болып саналады. Сондықтан болар қазақтар үкінің әр тал қанатын бесікке, балалар тақиясына, әйелдер кимешегіне, жүйрік аттың жалына тағып қояды. Сонымен бірге бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.
Үкіге қатысты салт-дәстүрлер, наным-сенімдер және әдет-ғұрыптар –халқымыздың осы құсқа деген сүйіспеншілік сезімінің көрінісі. Үкінің тағы ерекше қасиеті жөнінде бір деректерде атам қазақ ырымдап, баласы болмай жүрген әйел адамға үкінің ұясын алақанымен сипатады екен деп айтылған. Ал бір басылымнан балалары тұрмаған ерлі-зайыптыларға бір қарияның үкі асырауға кеңес бергенін оқыған едім. Сәбидің күлкісіне зәру болған туыстары үкіні қолда ұстап баққаннан кейін сәбилері өсіп-өнген екен. Бірінші баласы алғашқы қадамын басқанда, ерлі-зайыптылар ауыл данагөйінің айтуымен киелі құсты бостандыққа жіберген. Бір қызығы тұңғыштарының көзі үкінікіндей тұп-тұнық, көз тартар мөлдір болған жазылған. Соған байланысты көзі үлкен адамдарды «үкілі көз» деп атайды. Тіпті жаңа туған бота нәзік әрі көзі мөлдіреп әдемі болғандытан, "тіл-көзден сақтайды" деп оның бұйда жібіне немесе төбесіне үкі тағып қояды.
Қазақтың асыл мұрасын ақтара берсек, оның шегіне жету мүмкін емес. Бұрын, үкінің қауырсынын қазақ шаңырағынан көп кездестіретін едік. Қазір бұл үрдіс көмескі тарта бастады. Дегенмен, қайта жаңғыра бастаған сәттерде де куә болып жүрміз. Соңғы кездері ұзaтылып бара жатқан қыз өзінен кейінгі бойжеткен сіңлілеріне «үкілі үміттеріңді үзбеңдер» деген ниетпен үлпілдек қауырсындарды таратып беру ғұрпын қолдануда. Осынымыз еуропалық гүл лақтыру үрдісін тежеудің алғы қадамы іспетті. Ұзатылып бара жатқан қыздың үйлену тойындағы қалыңдықтың құрбыларына үкі тағу дәстүрі жалғасын тапса, қандай жарасымды?! Сондай-ақ ертеде сыйлы және құрметті адамдарға үкі сыйлау дәстүрі де болған.
Тіпті, бұрын үкі қауырсынын батырларымыз найзаға да таққан. Оны Қазыбек бидің «Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз» деген сөзінен аңғаруға болады.
Сколько здесь прямоугольников
Какое управление было в древнейшем риме? как звали первого и последнего из царей рима?
Уроки французского ответе на вопрос : расскажите о герое по следующему примерному плану: 1.почему мальчик оказался в райцентре ? 2.как он чувствовал себя на новом месте? 3.почему он не убежал в деревню? 4.какие отношения сложились у него с товарищами? 5.почему он ввязался в игру за деньги? 6.как характеризуют его отношения с учительницей ? ответе на эти вопросы пожалуйста ! сочините сочинение пожалуйста
Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили
Переделай союзное предложение в предложение с бессоюзной связью. 1. океан с гулом ходил за стеной чёрными горами, и вьюга крепко свистала в отяжелевших снастях, а пароход весь дрожал. 2. множество темноватых тучек, с неясно обрисованными краями, расползались по бледно-голубому небу, а довольно крепкий ветер мчался сухой непрерывной струёй, не разгоняя зноя 3. поезд ушёл быстро, и его огни скоро исчезли, а через минуту уже не было слышно шума
помогите прошу!перепиши предложения, расставляя недостающие знаки препинания. объясни, что соединяет союз и. если в предложении один союз и, то во втором выпадающем списке отметь «прочерк».пример:«я шёл пешком и,/поражённый прелестью природы/, часто останавливался».союз и соединяет однородные члены.ночь уже ложилась на горы (1) и туман сырой (2) и холодный начал бродить по ущельям.союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2) однородные членычасти сложного предложения—.поэт — трубач зовущий войско в битву (1) и прежде всех идущий в битву сам (ю. янонис).союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2)
Вокруг прямого проводника с током (смотри рисунок) существует магнитное поле. определи направление линий этого магнитного поля в точках a и b.обрати внимание, что точки a и b находятся с разных сторон от проводника (точка a — снизу, а точка b — сверху). рисунок ниже выбери и отметь правильный ответ среди предложенных.1. в точке a — «от нас», в точке b — «к нам» 2. в точке a — «к нам», в точке b — «от нас» 3. в обеих точках «от нас»4. в обеих точках «к нам»контрольная работа по физике.прошу,не наугад важно