Размещено 1 год назад по предмету
Биология
от ghghcuvkfh
2-зертханалық жұмыс Жұмыс мақсаты: тәжірибе арқылы судың қасиетін зерттеу, осы қасиеттердің организмдер үшін маңызын анықтау. Судың тірі организмдер үшін маңызын және қасиеттерін зерттеу Құрал-жабдықтар мен материалдар: су, мұз кесегі, қысқыш, сынауық, парақ қағаз, монета, су термометрі, тығынды колба, шыны таяқша, спиртшам. Жұмыс барысы: 1. Түбі жалпақ колбаға азғана су құйып, мұз кесегін салыңдар. Қайсысы жеңіл: су ма, әлде мұз ба? Тұщы суда тіршілік ететін организмдер үшін мұның манызы қандай? 2. Сынауыққа су құйып, спиртшам жалынында қайнағанша қыздырыңдар. Қанша уақыт жұмсадыңдар? Су температурасын өлшеңдер. Қанша уақыттан кейін су салқындайды, анықтаңдар. Судың қандай қасиеті туралы айтуға болады? 3. Түбі жалпақ колбаға су құйып, бетін бір парақ қағазбен жауып, үстіне 5 тиын (монета) қойыңдар. Не байқадыңдар? Мұнымен судың қандай қасиеті анық- талады? 4. Түтікше өткізілген тығынмен тығындалған колбаны алыңдар. Оны бір бөлігі тығынның үстінде түтікшеде болатындай етіп сумен толтырыңдар. Түтікшедегі судың деңгейін маркермен белгілеңдер. Енді спиртшам жалынында колбаны қыздырыңдар. Түтікшедегі су деңгейін мұқият бақылаңдар. Не байқадыңдар? Қыздыруды тоқтатындар. Не байкадыңдар? Судың қандай қасиеті туралы айтуға болады? 5. Бақылау бойынша организмдер үшін судың қасиеттері мен маңызына қорытынды жасаңдар. 7-класс