profile
Размещено 4 года назад по предмету Другие предметы от beibarys141008

анасын сагынган бала эссе​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан soli1981

    Ответ:

    Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшактап, біреулері суйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ муның, шаруасын айтып калып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарта мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, тусіп жатуларыньщ ѳзі абыр-дабырга, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшактасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып; әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханга жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның, есесіне тағы бір топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жок. Кайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп кеткендіктен де ер табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап отырысқан жайлары бар.

    Ауыл-үйдің, ағайын арасының ѳсегі, жаналықтары кѳп айтылғандыктан да астан кейінгі шай ұзак ішіліп, дастархан жиналган кезде, қошеметші ағайын—достар түгел орындарынан тұрып кайтуға беттегенде, танертеңнен бері тақымы жазылмастан отырған Есмағамбет те бұл тұста сыртқы ѳзгелермен ілесе шыккан. Ұзакка созылған абыр-дабырдан кейін жалгыз калып, әртурлі жеміс ағаштары мен кѳкѳністер ѳскен аулада әрлі-берлі жүру де ол үшін айтарлықтай бір демалыс еді. Күн талтүс болып қалған екен.

    Ағаштардыц әрқайсысына тоқтап карап, сосын жоңышқалыкты аралап келіп, күннін, қызуы қуырып бара жатқандықтан, жүзімнің кѳлеңкесіне кіре бергені сол еді.

    Мама-аа… мама-аа…

    Сенсің гой ең дана-а..

    Мәңгі дос сен ғана-а… —

    деп әндеткен сүйкімді бала дауысын естіді. Бірақ Есмағамбет олай бір, былай бір бұрылып, маңайынан бала кѳрмеді. Сѳйтсе, үстіне су жаңа ак, футболка киген төрт жастар шамасындагы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кѳлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек… ойыншық шелек…

    Балмағамбет ағасының ұзатылған кыздары болатын. Солардың бірінің баласы болар деп топшылаған Есмағамбет жүзім кѳлеңкесінде аяктарын еңкейе басып, балаға жакындады.

    Жақындап келгенше бала мұны байқаған жок.

    Мама-аа… мама-аа…

    Сенсің ғой ең дана-аа…

    Мәңгі дос сен ғана-а…

    Мама-а, мама-а-а-а…

    Жанына келіп:

    — Әй, балақай, сенің атың кім? — дегенде барып, бала Есмағамбетке бұрылды. Бірақ ойыншық шелекке ойыншық күрекпен кұм салу ісін доғарған жоқ.

    — Атың кім дедім ғой,— деп қайта сұраганда барып бала уяң күлімсіреп:

    — Сержан,— деді ақырын ғана.

    — Кімнің баласысың?

    — Күміскүлдің.

    — Күміскүл кімнің қызы?

    — Балмағамбеттің…

    Есмағамбет енді еңкендеп барып, анадай жерден қолдан жасалған ағаш орындықты алып, баланың дәл жанына жайғасты.

    Балмағамбет ағасының бір кызының кезінде оқуга түсе алмай, Алматыдағы базар маңында жұмыс істеп, тұрмыс кұрып, одан тұрмыс кұрған жігітімен қайта ажырасып жүргенін білетін. Кыздыц әуелде ѳзі, сосын куйеуімен үйлеріне соққаны да есінде. Ажырасқаны бетіне шіркеу болды ма, кейіннен қыз үйге соқпайтын болды. Ал олардан осындай бала қалғанын есіткен де емес-ті. Тіпті осы бала болмағанда карындасыньң атының Күміскүл екенін де енді болмаса ұмытып қалғандай екен… Баланың бет әлпеті ѳте сүйкімді еді. Оның үстіне мұның сұрақтарына жауап беруі де сүйсіндірді. Тілі тәтті екен. Алайда “кімнің баласысың?” деген сұрағына баланың әкесінің атын айтпай, шешесінің атын айтуы Есмағамбетті қанағаттандырган жоқ-ты. Сондықтан баланы жанап отырысымен-ак:

    — Сен неге Күміскүлдің баласымын дейсің? Папаңның атын неге айтпайсың? — деді.

    — Папа-мның-ң… — дей беріп бала аз-кем күмілжіп қалғанда барып, Есмағамбеттің ѳзі бала үшін тым артык, сұрақ қойып отырғанын андап, әңгіменің бетін аудара қойды.

    — Футболкаң, қандай аппақ?

    — Мамам әкеліп берген, — деді Сержан ѳз-ѳзіне қайта келгендей кѳңілденіп.

    — Шортигің де тап-таза ғой.

    — Таңертең кидім гой, — деді бала Есмағамбеттің сұрағына таңырқағандай әрі: “Сол екі арада қалай бүлдіре қоямын” дегендей болып.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.