profile
Размещено 5 лет назад по предмету Химия от askerbekbanurai

Химиялық элементтердің валенттілігі деген не?​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан minego1900

    Ответ:

    периоддык жуйе куру

    Объяснение:

    кестене карайсн

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан minego1900
      сори,тусыныкты менс сиякты
  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан dayana3881

    Валенттілік, іліктілік (лат. valentіa — күш) — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып химиялық байланыс құру қасиеті. Валенттіліктің мәні берілген элементтің атомы ала алатын немесе орнын баса алатын сутек атомдарының санымен өлшенеді. Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген. А.М. Бутлеровтың қосылыстардың химиялық құрылысы теориясына (1861) Валенттілік негіз болды, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашуына (1869) байланысты бұл ұғым одан әрі дамыды. Менделеев элементтің валенттілікінің оның периодтық жүйедегі орнымен байланыстылығын тапты, айнымалы валенттілік туралы ұғымды енгізді, элементтің сутекпен және оттекпен қосылыстарындағы валенттіліктерінің өзара байланысын көрсетті. Валенттіліктің электрондық теориясы (Коссоль теориясы, 1916) бойынша атомдардың өзара әрекеттесуі бір атомнан (немесе бірнеше атомдар тобынан) екінші атомға электрон ауысуымен байланысты деп қарастырылды; осыдан келіп оң және теріс валенттілік ұғымы шықты: элементтің оң валенттілік оның инертті (сарғылт) газдардың электрондық құрылысына ие болу үшін өзінен беретін, ал теріс валенттілік өзіне қабылдайтын электрондардың санына тең. Алайда, атомдардың бір-бірімен әрекеттесуі кейде электрон ауысуынсыз да іске асады. Элементтердің валенттілікіне қарап химиялық формулаларды жазуға болады. Валенттілік теориясының дамуындағы жаңа кезең атомның кванттық-механикалық теориясының жасалуымен байланысты. Валенттіліктің кванттық-механикалық теориясы бойынша элементтердің химиялық қасиеті және олардың валенттілік атомның сыртқы электрон қабатының құрылысына байланысты. Атомдар өзара әрекеттесіп химиялық байланыс түзулеріне тек сыртқы электрондық қабаттағы электрондар қатысады. Атомның негізгі (қозбаған) күйіндегі валенттілік оның сыртқы электрондық қабатындағы жалқы (жұпсыз) электрондар санына тең (яғни спиндері қанықпаған электрондар). Мысалы, инертті газдардың электрондарының бәрі жұпталған (жалқы электрондары жоқ), сондықтан олар нөл валентті, ал периодтық жүйенің І-тобындағы элементтер атомдарының сыртқы электрондық қабатында бір жалқы электрон болады, сондықтан олар бір валентті; ІІ-топ элементтері атомдарының сыртқы қабатында екі жалқы электрон бар, олар екі валентті, т.б.[1]

    Бинарлы қосылыстардың формулаларын құру алгоритмі

    Заттың формуласындағы атомдар сандарын білу үшін оны өрнектеуге арналған жаңа түсінікпен танысайық, ол валенттілік деп аталады. Валенттілік дегеніміз бір элемент атомының басқа бір элемент атомының белгілі бір санын қосып алуы. Валенттілік түсінігін ғылымға Э. Франкленд енгізген.

    Валенттіліктің бірлігі ретінде сутектің валенттілігі алынған, сутек қосылыстарында әркашан бір валентті деп есептеледі. Өзімізге белгілі судың формуласы Н20 (аш екі о), ол молекуланың сутектің 2 атомы мен оттектің бір атомынан тұратынын көрсетеді. Судың кұрамында оттектің бір атомына сутектің екі атомы сөйкес келеді екен. Оны былай көрсетсек Н-О-Н оттектің валенттілігі екіге тең екенін байқаймыз. Өйткені сутек бір жағымен байланысса, оттек екі жағымен де байланысады.

    Молекула кұрамы екі әлемент атомынан тұратын қосылыстар бинарлы қосылыстар деп аталады.

    Енді MgO молекуласында оттек екі валентті болса, магний атомы да екі валентті болады, ал натрийдің оттекпен қосылысы Na20 су молекуласына ұксас келеді Н-О-Н, Na-0-Na, яғни натрий да бір валентті болғаны.

    Валенттілік рим цифрларымен белгіленеді, формулаларда элмент таңбасының үстіне жазылады, мәні I-VIII-гe дейін өзгереді. Валенттілік бойынша формула құру үшін элементтердің валенттіліктерінің ең кіші ортак еселігін тауып, әр элементтін валенттілігіне бөліп, индекс етіп жазамыз. Егер элемент қосылыстарында айнымалы валенттілік көрсетсе, онын, атауында элементтің валенттілігі рим цифрымен жақшаның ішінде көрсетіледі.[2]

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.