profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от likaynika

Предложение о животных зоопарка

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан maudarbekova

    Ответ:

    Хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы.

    Осы аптаның демалыс күні қаламыздағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден кейін өз есіктерін қала қонақтары мен тұрғындары үшін айқара ашқан болатын. Бұл ашылуды әсіресе балақайлар көптен күткен болатын, сондықтан бұл жерде ине шаншар жер болған жоқ. Алдымен құттықтау сөздер сөйленіп, ресми түрде бақтың ашылуы өтті. Одан кейін жиналған қонақтар өз қалаулары бойынша серуендеп, жануарларды көруге аттанды. Айта кететін бір жайт – бұл күні балалар үшін тегін билеттер мен балмұздақ ұйымдастырылды.

    Біз өз серуенімізді қасқыр мен түлкілер орналасқан тордан бастадық. Торлары кең, ішінде тағамдары жеткілікті екен. Ары қарай жүре бергенімізде гепард пен пантераны көріп, олардың сымбатына тәнті болдық. Олар сонау Африкадан әкелінген екен.

    Тура бақтың ортасында бұрынғыдай қоңыр аюлар орналасыпты. Олардың торының жанында біраз адам жиналып қалыпты. Себебі, аюларға бақтың қызметкерлері тағам беріп жатыр екен, ал кейбіреулерінің сол мезгілде сумен ойнап жатқаны бір қойылым іспеттес болып көрінді. Біз аюларды біраз тамашалап, ары қарай аттандық.

    Келесі кезекте мойны ұзын керікті көріп, оның бойының ұзындығы аң – таң болдық. Керікпен көршілес жерде таутайлақ (лама) орналастырылыпты. Оларға кіреберісте арнайы рұқсат етілген тағам сатып алған болатынбыз, сол сәбіз бен салат жапырқтарын беріп, біраз суретке түстік. Бұлардан басқа бақта үлкен – кішілі маймылдар, арыстан, жолбарыс, түрлі құстар мен су жануарлары тағы бар. Бақты армансыз аралап, суретке түсіп, көтеріңкі көңіл – күймен үйге қайттық.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.