profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от kundyzkulgutanova

"Акку киели кус" ангиме куру

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан Arnei
    Аққулар (латын: Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек  тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда  кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиетің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың  «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу  тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.