Размещено 5 лет назад по предмету
Қазақ тiлi
от КУРЛЫК505
помогите #2-3 . казахский язык!
Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп-сұр көр. Тасбиқ санап бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрше ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін – Сол анамды сүйемін! Көзінде көк нұры жоқ, Аузында жұмақ жыры жоқ, Жалынсыз, усыз құшағы, Иірілмейді жыландай, Сөзі де жоқ құрандай, Білгені – қазан-ошағы. Жабайы ғана жарым бар, Неге екенін білмеймін – Сол жарымды сүйемін! Ұйқы басқан қабағын, Бастыра киген тымағын, Жалқаулықты жар көрген. Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен, Бірге жусап, бірге өрген, Алаш деген елім бар, Неге екенін білмеймін – Сол елімді сүйемін! Сағымы сайран құрады, Бораны ұлып тұрады, Қыс – ақ кебін, жаз – сары. Орманы жоқ, шуы жоқ, Тауы да жоқ, суы жоқ, Мәңгі өлік сахарасы. Сарыарқа деген жерім бар, Неге екенін білмеймін – Сол Арқамды сүйемын!