profile
Размещено 6 лет назад по предмету Қазақ тiлi от ZZZZZZZAAAAAAAAA

коркыт ата туралы шыгарма

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан maudarbekova

    Ответ:

    Қорқыт ата туралы.

    Қорқыт - композитор, жыршы, ақын, музыкант, ойшыл, бақсылардың қамқоршысы. Халық оны «қобыз атасы» деп те атаған. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы.

    Қорқыт ата VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген. Кемеңгер тұлға дүниеге келмес бұрын анасы оны құрсағында үш жыл көтерген деген аңыз әңгіме бар. Ол дүниеге келгенде табиғат тылсымы ерекше күйге енген. Қатты боран соққан. Күн тұтылып, үш күн бойы күннің көзі көрінбеген. Қара тұман басқан. Сол себептен оған «Қорқыт» есімі беріліпті. Ойшыл жыраудың өмірін зерттеген ғалымдар оның есімінің мағынасын түрліше болжаған. Бірі «құт әкелетін адам» десе, енді бірі «өмір тоқтады» деп болжаған. Бір қызығы, Қорқыт ата дүниеге келе сала тілі шығып, сөйлеп кетіпті. Тіпті туыла салып жүріп кеткен деген де аңыз бар.

    Қорқыт пен қобыз егіз ұғым. Тіпті, халық аңызына қарағанда, қобыз аспабын Қорқыт ата жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан болып шығады. Көптеген аңыз арқауына айналған қобыз аспабы қазақ ұғымында қасиетті саналады. Қарапайым жұрт оны қолдарында ұстауға да  қорыққан. Себебі, «қобызды тек бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие жандар ғана ұстайды» деген түсінік қалыптасқан.

    Қорыта айтқанда, Қорқыт – бағзыдан жеткен түпкі сенімді серт етіп, түрік бітігінде «мың жылға, түмен күнге жететін» өсиетін өрнектеген Тоныкөк пен ислам өркениетіне тәу еткен Ясауи аралығындағы рухани кеңістікті ұластырып тұрған біртуар кемеңгер. Географиялық тұрғыдан қарасақ алтын беік, баба мекен Алтай, оғыз-қыпшақтың атажұрты Сыр бойы, кейінгі кенже топырақ Кавказ бен Анадолы аймағын өз есімі арқылы біріктіріп тұрған толағай тұлға.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.