profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от Wartpen

Ы. Алтынсарин өлеңдері

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан Бэтмен111
    Ананың сүюі
    Подробнее Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,ана, бала, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін. Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін. Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең, Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін. Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше, Сендер қайтып келгенде адам болып, Еш арманым болмас ед өле-өлгенше.

    Өзен

    Таулардан өзен ағар сарқыраған,
    Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
    Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
    Аралап тау мен тасты арқыраған.

    Көңілің суын ішсең ашылады,
    Денеңде бар дертіңді қашырады.
    Өксіген оттай жанып жануарлар
    Өзеннен рақат тауып басылады.
    Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
    Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
    Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
    Тасыса су бармаған сай қалмайды.
    Тасыған өзен судың қуатымен
    Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.

    Ел қыстап күн көреді жаныбында,
    Дәм болар алуан-алуан балығында...
    Тас таста, алтын таста сынамаққа,
    Сонда да аққан өзен қалыбында,
    Құдіретін құдайымның көресің бе?
    Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...
    Арыстан демалуға суға кірсе,
    Балықтар шымшып ойнар терісіне...




    Кел,балалар,оқылық.

    Бір құдайға сиынып,  
    Кел, балалар, оқылық , 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық.. 

    Істің болар қайыры 
    Бастасаңыз аллалап, 
    Оқымаған жүреді 
    Қараңғыны қармалап. 

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық. 
    Оқысаңыз, балалар, 
    Шамнан шырақ жағылар, 
    Тілегенің алдыңнан 
    Іздемей-ақ табылар.

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық.. 
    Мал дәулеттің байлығы, 
    Бір жұтасаң жоқ болар, 
    Оқымыстың байлығы, 
    Күннен-күнге көп болар, 
    Еш жұтамақ жоқ болар. 

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық. 
    Сиса көйлек үстіңде 
    Тоқуменен табылған. 
    Сауысқанның тамағы 
    Шоқуменен табылған... 
    Өнер-білім бәрі де 
    Оқуменен табылған.

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық. 
    Надандықтын белгісі – 
    Еш  ақылға жарымас.
    Жайылып жүрген айуандай 
    Ақ, қараны танымас. 
    Аяңшыл ат арымас, 
    Білім деген қарымас... 
    Жөн білмеген наданға 
    Қыдыр ата дарымас. 

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық. 
    Оқу деген шыны-ды, 
    Тұрған сайын шыныққан... 
    Оқу білген адамдар 
    Май тамызған қылыштан... 
    Білмегенді білуге 
    Есті бала тырысқан, 
    Есер бала ұрысқан. 

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық. 
    Әлпештеген ата-ана 
    Қартаятын күн болар. 
    Қартайғанда жабығып, 
    Мал таятын күн болар. 
    Ата-енең қартайса  – 
    Тіреу болар бұл оқу, 
    Қартайғанда мал тайса 
    Сүйеу болар бұл оқу. 

    Кел, балалар, оқылық, 
    Оқығанды көңілге 
    Ықыласпен тоқылық.
    Оқу білген таниды 
    Бір жаратқан құдайды, 
    Танымаған құдайды 
    Не қылғанда ұнайды? 
    Шырағым абай болғай деп, 
    Ата-енең жылайды, 
    Баладан қайыр болмаса, 
    Баланы неге сұрайды.
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.