profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от аделькатёнок26

1) Бала мектепте қандай істі ұнататын еді? 2) Баласының талантын көрген әке не істеді? 3) Түні бойы сүйікті ісімен айналысқан баласына әкесі не деді? 4) Қазіргі отбасылар туралы айтылған пікір дұрыс па? ответить на вопросы используя этот текст пожалуйста
Отбасы тәрбиесі 
Мен мектепте жүргенде сурет салуды ұнататын едім. Бұл өнерімді байқаған әкем мені қолпаштап отырды. Бірақ қайтсең де, суретші боласың деп үзілді-кесілді «шідерлеп» тастаған жоқ. Немен айналыссам да, қолымнан қаққан емес, өз пікірін, білгенін айтатын, бірақ оны зорлап біздің миымызға құймайтын. Сондықтан ба, отбасымыздағы бес баланың бәрі де өздері қалаған мамандықтарын алды. Қажет деген кезде, мейірім керек болса, суретті сонша салатын едім, уақыттан да ешкім шектемейтін. Кейде кешкі сағат он болғанда: «Қазір сен қалайда жатып ұйықта, уақыт болды, күн тәртібш бұзба!» - деп апарып төсекке де жатқыза қоймайтын. «Жарайды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың», - дейтін. 
Қазіргі отбасылардың көпшілігі (қалалық) қонақ үйді еске түсіреді. Қайсыбір ата-аналар балаларын телефонмен тәрбиелеп жатады. «Тұрдың ба? Тамағыңды іш! Содан кейін отыр, сабағыңды оқы!» Немесе жұмысына асығып кетіп бара жатып: «Оқы, кішкене ойна... былай тұршы, аяқтың астына оралмай! Жұмыстан қалатын болдым ғой! Жай кезде сұрамай, дәл асығып тұрған кезде сұрайды екенсің!» - десіп жатады. Көп нәрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғұмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жұтуы ке¬рек. Бұл жерде бәрібір - ауылдың баласы ма, қаланың баласы ма, ең бастысы, бойындағы дарынын үрлеп жандырып, табандылыққа үйрет. Ал егер баланың ақылы болса, оны қаймықпай, жалтақ болмай өсуге талпындыру керек. 

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан damettie

    Жауаптары:

    1) Бала мектепте сурет салуды ұнататын.

    2) Баласының бұл өнерін байқаған әке оны барынша қоопаштады.

    3) Түні бойы сүйікті ісімен айналысқан баласына әкесі: «Жарайды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың», - деді.

    4) Қазіргі отбасылар туралы айтылған пікір дұрыс деп ойлаймын.Шынымен де,қазіргі таңда ата-ана балаға дұрыс көңіл бөлмейді.Кейбіреулері балаларын қатаң тәртіппен тәрбиелейді.Өз дегендерімен жүргізеді.Мұндай кезде "болам деген баланың бетін қақпай" дегің-ақ келеді.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.