profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от fatima2016sk

Мемлекеттік елтаңба такырыбына шағын эссе напишите пожалуйста выручите

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан мёд6558
    Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан axmetovamoldir
    азақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан " деген жазу бар.

    Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, этетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пішімғе (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.

    Елтаңба - бүкіл әлем мойындаған мемлекеттіліктің ерекше маңызды нышаны. «Герб» (елтаңба) термині неміс сөзінен аударғанда «Мұра» немесе «енші» мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын «Тамға» атанған тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған.Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы да бір бөлігі бар, ол - бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз - өмірге жетекшілік ететін, көтеріңкілікке, талпыну мен мәңгіліктің, биліктің нышаны ретінде бейнеленген. Жұлдыз тек Ресейдің ғана мемлекеттік геральдикасына тән нышан болып табылмайды, оны Ресейдің революциялық нышанына алғаш рет орыс дворяндары енгізді және ол Ресейдің мемлекеттік елтаңбасында бірден пайда болған жоқ. Бұл бейнені аударылған және ассимметриялы түрде қолдануға болмайды. Бесбұрышты жұлдыз ақиқат әлемдегі - «Таң жұлдызын» бейнелейді. Мемлекеттік елтаңбадағы жұлдыз бейнесі барлық қазақстандықтардың қазіргі жаңа жоғары өркениеттілік және дамыған мемлекеттермен қоғамдастыққа бірігудің ардақты арманын, сонымен бірге барлық ғаламшардағы құрлықтардың барша халқына ашық екендігін бейнелейді.
    Мемлекеттік елтаңба бейнесіндегі қолданылған басты түс - алтын түсті болып табылады, ол байлықтың, әділеттіліктің және қайырымдылықтың символы екенін көрсетеді.

    Мемлекеттік елтаңбада, сонымен қатар, байрақтың түсі - аспан түстес көгілдір болып келеді, ол алтын түспен сәтті үйлескен.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков және Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

    Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков - Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі. 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында туған. Ташкент политехникалық инстутының сәулет факультетін бітірген. Жобалардың Бас сәулетшісі, Өзбек өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі.
    Махмұд Қашқаридың атақты «Түрік тілінің сөздігі» еңбегінде бұл термин әміршіні ерекшелендіретін белгі ретінде түсіндіріледі.
    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан fatima2016sk
      Спасибо ОГРОМНОЕ ЗА ПОМОЩЬ
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.