profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от molyamedet

Сакен Жунсов реферат жазу

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан etoymurzaev
        Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қорында Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.

    Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. "Ақан сері" дилогиясы, "Жапандағы жалғыз үй", "Заманай мен Аманай" романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар" тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

    Балаларға арналған "Сонарда" деп аталатын алғашқы кітапшасы 1959 жылы шықты. Бұдан соң, 1961 жылы жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер", 1962 жылы "Кімнің мекені жақсы?", 1983 жылы "Сақау бәтеңке" сияқты т.б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін, 1965 жылы "Жапандағы жалғыз үй" романын жазып, орыс тіліне 1968 жылы аударылған. "Ақан сері" дилогиясының бірінші кітабы 1971 жылы жарық көрсе, 1977 жылы екінші кітабы оқырмандарына жол тартты, ал 1979 жылы орыс тіліне аударылды. 1987 жылы "Заманай мен Аманай" повесін жазды.

    Көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың "Перекоп", "Көкадыр" романдарын қазақ тіліне аударған.

    Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол – ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың  сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз.

    Кезінде белгілі жазушы Рамазан Тоқтаров Сәкен серінің 60-жылдық тойында шымыр да ширақ, олпы-солпысыз жинақы, ең бастысы ірі қаламгер қақында қапысыз қамтылған шүбәсіз шынайы адал сөзін арнай келе, Сәкен Жүнісов туралы ойын былай қорытындылаған екен: «Жазушы халық арасында жүргенде, ол дүние алақанында, ал, жазу столында отырып өзімен-өзі жапа-жалғыз қалғанда,  дүние – оның алақанында» .

    Қытайға ауған қаймана қазақ жұртының жетім жыртыстай жыртылып кеткен қаралы тобының тағдыр-талайын көшке ілесіп кеткен қаламгерлердің жазғанын жақсы білеміз. Ал ата-жұртта отырып, осы тақырыпқа арналған "Заманай мен Аманай" тәрізді классикалық туындыны берген қаламгерді көрген де, естіген де емеспіз. Бұл да Сәкен Жүнісовтің ғана қолынан келген сүйсіндірер сәттілік болды

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.