«Сақшы» газетінің журналистері небір қылмыстық оқиғалардың ортасында ғана емес, «жанды» мақала жазамыз деп жүріп небір күлкілі оқиғаларға да тап болып жатады. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында мен «Тартым» деген шарадан репортаж жасау үшін Атырауға келдім. Атырау облыстық Ішкі істер департаментінде су полициясы деген бар екен. Басқа облыста мұндай қызметтің жоқтығын білетін маған алғашында «су полициясы» дегеннің өзі қызық көрінді. Олардың өмірі бекіренің уылдырық шашатын кезінде қауіп-қатерге толы болады екен. Өйткені теңіздің «қара алтынынан» пайда таппаққа Каспийге жақын елдерден ағылатын браконьерлер ақша үшін адам өмірін оққа да байлайтын, теңізді бөлісе алмай өзара атысатын да сәттері болып тұрады. Осыны естіген мен Атыраудың сол кездегі бас полицейі Еркін Рысханұлы Белғожанов деген ағамызға «теңіз үстінен репортаж жасағым келеді» деп қоймадым. Басында «Сіздің өміріңізге жауап бере алмаймын» деп біраз көнбей отырды да, сонау Алматыдан келіп қиылып отырған журналистің көңілін қимады ма рұқсат берді. Сонымен Атыраудағы екі катердің біріне мініп, теңіз қайдасың деп тартып кеттік. Айналам шетсіз-шексіз су, қара жер көрінбейді. Мұндай мол суды көрмеген мен ішімнен ашық теңізге шыққан екенмін деп ойлап келемін. Сөйтсем Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасында келеді екенбіз. Су полициясының жігіттері маған бекіре деген балықтың небір қасиетін айтып келеді. Су бетінде ақырын жылжыған катердің айналысынан зу-зу етіп моторлы қайықтар өтіп жатыр. Браконьер дегендер осылар екен. Сол жылжығаннан жылжып отырып, көкпеңбек теңіздің «ортасында» қалқып тұрған бір үйге келдік. Бұл ұмытпасам Ресей, Австрия, Түркия мен Қазақстанның бірігіп пайдаланатын мейрамханасы мен қонақ үйі. Мұнда осы аталған елдерден келіп туристер демалады екен. Негізінен «Балық аулаушылар» қоғамынан келушілер басым. Олар маған кеше ғана өздері аулаған салмағы 100 килограмнан асатын балықпен түскен суреттерін көрсетіп мәз. Олардың мақсаты осындай ірі балықпен суретке түсу ғана, содан соң оны теңізге жібере салады. Тумысымнан мұндайды көрмеген есім шығып жүр. Бірақ көңілімнің бір түкпірінде «қашан браконьерлермен бетпе бет келіп, бір қызық оқиға болар екен» деген ой бар. Содан сол мейрамханадан ауқат ішіп, туристермен суретке түсіп риза көңілмен кері қайтып келеміз. Мен бір сәт Каспиймен үнсіз тілдесіп катердің артында тұрғанмын. Екі бауырын толқынға тілдіріп катер жылжып келеді. Көңіл деген шарықтап кетті дейсіз шартарапқа. Каспийге деген махаббатымды да, ризашылығымды да айтып күбірлеп келемін. Кенет көзім суды жарып катерге ілесіп келе жатқан балыққа түсіп кетті. Бір қолдың білегіне жетпейтін балықтан басқаны көрмеген менің мынандай ірі балықтың ілесіп келе жатқанына сенбей, елес пе деп көзімді жұмып-жұмып жіберіп, катердің білек теміріне асылып та қараймын. Расында да балық. Маңдайы суға бір батып-бір шығып келеді. Осылайша аң-таң болып тұрғанымда жаныма су полициясының жігіттері келді. Олар «Иә, көріп тұрғаныңыз шынымен де балық, біз өмір-бақи Жайықтың жағасында тұрғандықтан балықтың да тілін білеміз, Алматыдан журналист қыз келді, сен шығарып сал, теңіздің құрметі болсын дегенбіз, содан ғой бекіренің сізден қалмай жүзіп келе жатқаны» деп қалжыңдайды. Аңқау басым әлгі сөзге еріп кеткенім сондай, білек темірден қолым тайып кетіп аз болмағанда теңізге түсіп кете жаздадым. Сөйтсем олар бір үлкен бекірені катердің артына тұмсығынан тесіп байлап қойыпты. Теңіздің бетіндегі уылдырық консервілейтін шағын заводқа жеткенде жігіттер балықшыларды шақырып, жаңағы балықты катерге шығарды. Ауырлығы сондай маған катер қисайып бара жатқандай болды. Сол жолы мен браконьерлердің «қақтығысын» көрмесем де, бекіреден уылдырықты қалай алатынын көзіммен көрдім. Бірақ су полициясы жігіттерінің қалжыңын әлі күнге дейін ұмытпай жүрмін
Сколько здесь прямоугольников
Какое управление было в древнейшем риме? как звали первого и последнего из царей рима?
Уроки французского ответе на вопрос : расскажите о герое по следующему примерному плану: 1.почему мальчик оказался в райцентре ? 2.как он чувствовал себя на новом месте? 3.почему он не убежал в деревню? 4.какие отношения сложились у него с товарищами? 5.почему он ввязался в игру за деньги? 6.как характеризуют его отношения с учительницей ? ответе на эти вопросы пожалуйста ! сочините сочинение пожалуйста
Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили
Переделай союзное предложение в предложение с бессоюзной связью. 1. океан с гулом ходил за стеной чёрными горами, и вьюга крепко свистала в отяжелевших снастях, а пароход весь дрожал. 2. множество темноватых тучек, с неясно обрисованными краями, расползались по бледно-голубому небу, а довольно крепкий ветер мчался сухой непрерывной струёй, не разгоняя зноя 3. поезд ушёл быстро, и его огни скоро исчезли, а через минуту уже не было слышно шума
помогите прошу!перепиши предложения, расставляя недостающие знаки препинания. объясни, что соединяет союз и. если в предложении один союз и, то во втором выпадающем списке отметь «прочерк».пример:«я шёл пешком и,/поражённый прелестью природы/, часто останавливался».союз и соединяет однородные члены.ночь уже ложилась на горы (1) и туман сырой (2) и холодный начал бродить по ущельям.союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2) однородные членычасти сложного предложения—.поэт — трубач зовущий войско в битву (1) и прежде всех идущий в битву сам (ю. янонис).союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2)
Вокруг прямого проводника с током (смотри рисунок) существует магнитное поле. определи направление линий этого магнитного поля в точках a и b.обрати внимание, что точки a и b находятся с разных сторон от проводника (точка a — снизу, а точка b — сверху). рисунок ниже выбери и отметь правильный ответ среди предложенных.1. в точке a — «от нас», в точке b — «к нам» 2. в точке a — «к нам», в точке b — «от нас» 3. в обеих точках «от нас»4. в обеих точках «к нам»контрольная работа по физике.прошу,не наугад важно