Облыстық білім басқармасы оқушылардың барлығына бірдей мектеп формасын киюді міндеттеп жатыр. Бұл жөнінде қойылатын талапты күшейте түсу туралы мектеп басшыларына тапсырма берілген. Соған байланысты, кейбір мектептердің жарғыларына өзгерістер енгізіліпті. Ережеге сәйкес, енді оқушылар ғана емес, мұғалімдер де біркелкі киім киюі тиіс. Сонымен қатар колледж оқушылары да білім беру мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне сай киінуге көшіп жатыр. Қазір колледж бен мектепке хиджаб киіп келетін оқушылардың саны күрт кеміген. Біз осы және мектеп формасына қатысты қолға алынып жатқан басқа да шаралар туралы облыстық білім басқармасының бастығы Айгүл Арынғазиевамен тілдескен едік.
— Оқушыларға мектеп формасын киюді міндеттеу, олардың хиджаб киюлеріне тыйым салу емес. Осыны ата-аналар дұрыс түсінгені жөн. Жастардың имандылыққа бет бұрғандары, әрине, дұрыс. Бірақ мектеп — мешіт емес, білім шаңырағы. Сондықтан, оқушы мектепте ішкі тәртіпке бағынуы тиіс. Бүгін «мұсылманбыз» деп кейбір қыз балалар хиджаб киді, ал ертең өзге діндегілер өз сенімдері бойынша киініп келулері мүмкін. Сонда мектеп әр түрлі діндердің орталығына айнала ма? Міне, сондықтан, мектептің Жарғысымен бекітілген ережелерді оқушы да, мұғалім де, ата-ана да орындауға міндетті, — дейді Айгүл Аманғазықызы. Ол мұндай талаптың мұғалімдерге де қойылып отырғандығын айтады. Олар да біркелкі киінеді екен. Сондай-ақ бұл талап колледж оқушыларына да қойылып отыр.
Білім басқармасының бастығы талапты күшейту мақсатында кейбір мектептердің ережелеріне өзгерістер енгізілгендігі жөнінде былай дейді:
— Мысалы, Темір ауданында білім беру мекемелерінің жарғыларына және ішкі тәртіп ережелеріне мектеп формасын сақтау туралы тармақ енгізілді. Сонымен қатар, педагог қызметкерлердің іскерлік киім үлгісін ұстану туралы толықтыру бар. Тәртіпке мойынсұнбағандарға сол білім мекемесінің ішкі ережесінде көрсетілген шаралар қолданылады.
Айгүл Арынғазиеваның айтуынша, облыс мектептерінде діни ахуалды жақсарту жөнінде жаңа оқу жылына жұмыс жоспары құрылған. Соған байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылыпты. Соның бір парасы — ата-аналар жиналыстары. Онда «Отбасындағы рухани ізгілендіру тәрбиесі», «Зиянды заттардан ертең емес, бүгін құтылған жөн» тақырыптарында баяндамалар тыңдалған. Сондай-ақ, мектептерде «Дін және мектеп», «Діни фанатизм» тақырыбында дөңгелек үстел, «Діннің адамға ықпалы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілуде. Сонымен қатар, облыстағы барлық мектептер мен колледждерде дәстүрлі емес діни ағымдардың арты неге соқтыратынын жастарға түсіндіру мақсатында «Адасқандар» деректі фильмі көрсетіліп жатыр. Фильмде «Терроризм» бабы бойынша істі болған ақтөбелік Еркін Досқалиев туралы баяндалған.
— Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, Байғанин ауданындағы Байғанин орта мектебінің хиджаб киетін 2 оқушысы сабаққа мектеп формасымен келетін болды. Дегенмен, барлық жерде жағдай осылай түсіністікпен шешілген жоқ. Мысалы, қыркүйек айының басында Темір ауданындағы білім беру мекемелерінде мектеп формасын сақтамай, діни бағыттағы киім киген оқушылар біраз болды. Кейбір ата-аналар мектеп басшылығының айтқан талаптарына қарсылық білдірді. 10 оқушының ата-анасы облыс әкімінің блогына балаларының мектепке хиджаб киіп баруы туралы өтініш жазды. Біз өтініш иелеріне мектеп киім үлгісі туралы Жарғы бар екендігін және мектептің ішкі ережесін түсіндіріп айтқанбыз. Сол бекітілген ережені оқушы орындауға міндетті. Бірақ, бастапқыда 7 оқушының ата-анасы мектеп формасын сақтауға келісім бермеді. Сөйтіп, балаларын мектепке жібермеген болатын. Соңғы мәлімет бойынша, ата-аналар райынан қайтыпты. Балалар мектепке ақ кофта, тізеден төмен қара юбка киіп, бастарына орамал тағып келіп жүр, — дейді Айгүл Аманғазықызы. Оның айтуынша, жыл сайын хиджаб киетін оқушылардың саны азайып келе жатыр.
— Өткен оқу жылында колледждер мен мектептерде хиджаб киетін оқушылар 400-ден асатын. Биылғы оқу жылындағы түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде олардың саны айтарлықтай азайды: 200-ден астам оқушы хиджаб киіп жүр. Меніңше, ата-аналардың 3, 4-сыныпта оқитын қыздарының басына орамал тағып қоюы дұрыс емес. Ол әлі бала ғой. Өзіндік пікірі қалыптасқан жоқ. Бала зардап шекпеуі үшін ата-аналар балаларын өздерінің ұстанымына мәжбүрлемеуі тиіс, — дейді басқарма бастығы.
Сколько здесь прямоугольников
Какое управление было в древнейшем риме? как звали первого и последнего из царей рима?
Уроки французского ответе на вопрос : расскажите о герое по следующему примерному плану: 1.почему мальчик оказался в райцентре ? 2.как он чувствовал себя на новом месте? 3.почему он не убежал в деревню? 4.какие отношения сложились у него с товарищами? 5.почему он ввязался в игру за деньги? 6.как характеризуют его отношения с учительницей ? ответе на эти вопросы пожалуйста ! сочините сочинение пожалуйста
Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили
Переделай союзное предложение в предложение с бессоюзной связью. 1. океан с гулом ходил за стеной чёрными горами, и вьюга крепко свистала в отяжелевших снастях, а пароход весь дрожал. 2. множество темноватых тучек, с неясно обрисованными краями, расползались по бледно-голубому небу, а довольно крепкий ветер мчался сухой непрерывной струёй, не разгоняя зноя 3. поезд ушёл быстро, и его огни скоро исчезли, а через минуту уже не было слышно шума
помогите прошу!перепиши предложения, расставляя недостающие знаки препинания. объясни, что соединяет союз и. если в предложении один союз и, то во втором выпадающем списке отметь «прочерк».пример:«я шёл пешком и,/поражённый прелестью природы/, часто останавливался».союз и соединяет однородные члены.ночь уже ложилась на горы (1) и туман сырой (2) и холодный начал бродить по ущельям.союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2) однородные членычасти сложного предложения—.поэт — трубач зовущий войско в битву (1) и прежде всех идущий в битву сам (ю. янонис).союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2)
Вокруг прямого проводника с током (смотри рисунок) существует магнитное поле. определи направление линий этого магнитного поля в точках a и b.обрати внимание, что точки a и b находятся с разных сторон от проводника (точка a — снизу, а точка b — сверху). рисунок ниже выбери и отметь правильный ответ среди предложенных.1. в точке a — «от нас», в точке b — «к нам» 2. в точке a — «к нам», в точке b — «от нас» 3. в обеих точках «от нас»4. в обеих точках «к нам»контрольная работа по физике.прошу,не наугад важно