profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от pro9331

Тіл тазалығы деген не ?

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан AzatMeir
     

    Қазіргі күнде тіл тазалығы сақталмай келетіні өкінішті-ақ. Қазақша сөйлеп келе жатып, арасында орыс тіліндегі сөздерді айтпай қалмаймыз. Олар: как будто, именно, представляешь, потому что, сотка, т.с.с. Біреу қазақша сөйлеп келе жатып, осы сөздерді араластырып жібергенде құлаққа жағымсыз естіледі екен. Әсіресе теледидардан. 
     Тағы да көңілді түсіретіні, жақ деген қазақтың сөзін ала шапанды ағайындарша йақ, йах деп айтуы. Мына жақ дегенді ми йақ, ол жақта дегенді о йахта, т.с.с. 
     Атам заманда қазақтар бұлай сөйлемеген. Ата-бабаларымыз құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жерді біз үшін сақтап қалған. Бірақ ата-баба аманаты жер ғана емес, жер сақтау арқылы аман қалған тіліміз де, ділімізде, дініміз де. Ата-баба аманатына қиянат жасамайық. Оның бір жолы – тіл тазалығы. Ауру қалса да әдет қалмайды дейміз, бәлкім тіл тазалығын сақтамауымыз – қазақ тілінің дамуына кедергі келтірген аурудың (өз тілінде сөйлеуді қор, шет тілде сөйлеуді зор санау) қалдығы (әдеті) болса керек. 
     Орыс, өзбек сөздері қосатындай қазақ тілі кедей емес. Әдеби жағынан өте бай. Ал кейбір тұстарда (мысалы, техника саласында) қолдану қиыншылық туғызып жатса – ол біздің кінәміз. 

  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан maudarbekova

    Ответ:

    Тіл тазалығы.

    «Тіл тазалығы – жан тазалығы» демекші, тіліміз – біздің ең басты байлығымыз. Өз ана тілімізде сөйлеу біздің міндетіміз деп білемін. Бұл ретте К.Паустовскийдің: “Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени дәрежесіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады» деген сөздері дәл айтылған.

    Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!

    Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

    Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл -  ең басты байлығымыз.

    Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.