Размещено 6 лет назад по предмету
Қазақ тiлi
от Аккаунт удален
Переведите пожалуйста
Адам жанының рухани тазалығы, оның қоғамдағы жеке адамдар арасындағы игі істері мен бауырмалдық, туысқандық, жанашырлық, сыпайылық, әдептілік, сый-құрметтілік сезімдерінің бәрі де - адамгершіліктің ұшкыны. Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет те, орта да, киім де уақытқа байланысты өзгеретін тек жан сұлулығы мен жүрек болуға тиіс. Адамның адамгершілік қасиеті әрқашан биіктен көрінуі парыз. Мәселен, ер адамдар әйелдерге, жасы кішілер өзінен үлкенге, сау адамдар кемтар, ауру адамдарға жол беріп, ізет көрсетеді. Ел басына күн туған қатерлі жылдарды жанын шүберекке түйіп, Отанын, туған жерін, болашағын қорғаған абзал ата-әкелерді, еңбек ардагерлерін, үлкенді сыйлау, құрметтеу, кішілерге қамқоршы болу - біздің абыройлы борышымыз. Адамгершілік қасиеттерімізге кір келтірмейік