profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от lianamagamadova

ээсе на казахском языке тема-адамгершілік

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан erasylunerbek007

    Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.

    Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.

    Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарыныңнұқсан келтірді.

    БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы декларациясының" басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады, Оның басты әдептік баптары төмендегідей:

    барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;

    азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;

    өмір сүру күқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

    Адамгершілік қағидаттарыңың сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол халықты адамгершілікке, мандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.[1] Адамгершілік мәселесі — адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның езінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой кетеру үдерісімен бірге пайда болған. Ендеше, мораль туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, кандай да бір із табу қиын. Ғылым өзінің болжамын /гипотезасын/ алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адамтектес приматтар жер бетіндегі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған "талабына" өзіндік даму "жауабын" тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік тұратын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминидтер басады. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қалыптасуы бірнеше миллиондаған жылдарға созылды.

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан arturkaakakij
      С интернета все списать могут
  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан arturkaakakij

    Адамгершiлiк - қоғамда жақсы және жаман, дұрыс және бұрыс, жақсылық пен зұлымдық, сондай-ақ осы идеялардан туындайтын мінез-құлық нормалары жиынтығы туралы идеялар қабылданды. Кейде бұл термин бүкіл қоғамға емес, оның бір бөлігіне, мысалы, христиандық моральге, буржуазиялық моральге және басқаларға қатысты қолданылады.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.