profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от danil040

эссе на тему проблемы пресной воды в казахстане

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан altynayberik

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын ресми сөйлеген сөздерінде, халыққа арнаған Жолдауларында ел экономикасының дамуында, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда сапалы сумен қамтамасыз етудің алатын орны және оны тиімді пайдалану ісін жетілдірудің мәні зор екенін үнемі айтып келеді. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да бұл мәселеге ерекше тоқтала келе, ХХІ ғасырдың он жаhандық сын-қатері, ол – судың тым тапшылығы. Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.  Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су – барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты міндет жүктеді. Қазіргі кезде су қоры көптеген бағыттарда жылдан-жылға мол мөлшерде пайдаланылуда. Ғалымдардың анықтауынша, дүние жүзінде тек өткен XX ғасырда халық саны 4 есе өссе, пайдаланылған су мөлшері 15 есе артып, 400 текше шақырымнан 6000 текше шақырымға жеткен. Осыған орай көптеген елдерде тұщы су тапшылығы үлкен проблемаға айналуда. ЮНЕСКО-ның кейінгі кездегі болжамы бойынша, 2030 жылға дейін әлем халықтарының жартысына жуығы тұщы су тапшылығына ұшырайтын болады. Қазірдің өзінде 900 миллион адам ауыз суға зәру болып отыр. Осындай қиындықты ескере келе БҰҰ ХХI ғасырды тұщы су дәуірі деп жариялады. Елбасы суды пайдаланудағы жетістіктер мен кемшіліктерге талдау жасай келе, сонда да болса республикамызда «…елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озық технологияларын енгізу қажеттігін» көрсете отырып, өзі жариялап отырған Стратегиясында «2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиісті» деген оң шешімге келді. Президентіміздің осы аса бағалы шешіміне біз сенеміз және қолдаймыз. Оны болашақта еліміздің жан-жақты дамуында мәні зор аса жауапты міндет деп түсінеміз. «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мерзімдерде қажетті су қоры (көбінесе жер қойнауында) жеткілікті, оны пайдалану мүмкіндіктері де бар. Қазіргі жетіспейтіні – соларды дер кезінде тиісті мөлшерде іске асыра алатындай білгір ғылыми-өндірістік мамандар, заманауи технологияны меңгеретін кадрлар мен керекті сапалы аспаптар, құрал-жабдықтар. Сондықтан, бұл жетіспеушілікті кешіктірмей жою шараларын іске асыру қажет.



Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.