profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от Maulimov2007

Ата салтым-ардақтым (эссе)

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан zeinepadletp9dezh
    Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды. Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды. Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс. Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады. Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады. Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек. Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. Тұсау кесер жырлары айтылады. ... Қаз, қаз балам, қаз балам, Қадамыңды жаз, балам Әнекей, ақ бесік. Әлдиіме бақ бесік. Шүмегіңді салайын, Сылдырмағын тағайын. Жібек көрпе жабайын, Бауық барқыт пүліштей Балдақтарың күмістей, Жабдығыңмен сыйлысың. Жатса бөпем жайлысын, Көсем сенен өседі Жайлы болсын төсегі. Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады. Қорытынды. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен. .
  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан altynayberik

    Конституция күні мемлекеттік мереке болып табылады және 30 тамыз тойланады, дәл осы күні 1995 жылы республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды Сірә, бұл мереке, жалпыхалықтық тойлау барысында оның маңызы мен тағайындалымы әділетсіз ұмытылып қалатын аздаған мейрамдардың бірі болып табылады. Осы салтанатты Күн қарсаңында еліміздің Конституциясы тарихымен, заңды құжаттың мазмұны мен практикалық іске асырылуымен танысуды ұсынамыз. Қазақстан Конституциясы заңдылықты ғана емес, сонымен қатар этикалық жағын да қамтитын, мемлекеттің негізгі құрылымдарын қалыптастырудағы халқымыздың бірлескен үлкен жетістігін білдіретін Республиканың бейресми символы болып табылады.    Конституция – халықтың әлеуметтік-заңды қорғалуын кепілдендіретін механизм. Егер бұрын «азамат» «адам» концептісінен басым түсетін болса, ал қазір «адам» белгілі құқықтар мен міндеттерге ие, ал патриотизм мен өзін елдің азаматы ретінде сезінуге тәрбиелеу ең гуманисті тәсілдермен жүргізіледі. Конституция адамдардың бір-біріне деген сыйластығының және төзімділігінің негізін қалап, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді нығайтады. Конституция күні мерекелік іс-шаралар өткізіледі: концерттер, отшашулар, конкурстар, сауда орталықтары келушілері үшін ойын-сауықтар ұйымдастырады. Конституцияның зор маңызына қарамастан, оның ішінде идеологиялық деңгейі де бар, қазақстандықтардың бәрі бір кісідей осы Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық тоқсан сегіз бабын біле бермейді.  Республиканың Негізгі заңы туралы хабардарлықты арттыру үшін таныстыру іс-шаралары өткізіледі. Мектептердегі сынып сағаттарында оқушыларға олардың қарапайым құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілсе, ата-аналар жиналыстары арқылы балалар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіліп отырады. Конституция халқымыздың еркін білдіретін елдің басты заңы ғана емес, сонымен бірге Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудағы елеулі ілгерілеуді, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастыққа және олармен адал қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын көрсетеді. Қазақстанның БҰҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕурАзЭс сияқты ұйымдарға мүше болуы, осындай мақсаттарды сәтті жүзеге асырудың куәсі болып табылады. Халықаралық қауымдастықтың елімізге деген сенімі және оның үлкен экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми және саяси жетістіктерін мойындауы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мүмкіндігінде айқын көрінді. Қазақстанның әлемдік аренадағы танымалдағы күрт өсіп, еліміз өзін болашақта бұдан да қызықты бола түсетін тартымды туристік нысан ретінде көрсете білді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының алдында басқа – негізінен көп жағдайда РСФСР-дың басты заңына сүйенген 1926 жылғы Қазақ АКСР Конституциясы, Қазақ КСР-інің 1937 және 1978 жылдардағы Конституциясы КСРО Конституциясын ескере отырып, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымымен әзірленген 1993 жылғы ҚР Конституциясы. Қолданыстағы Конституциямен бірге Сенат пен Мәжілістен тұратын қоспалаталы Парламент бекітілді. ҚР Конституциясы келесі тараулардан тұрады:  

    I. Жалпы ережелер

    II. Адам және азамат

    III. Президент

    IV. Парламент

    V. Үкімет

    VI. Конституциялық Кеңес

    VII. Соттар және сот төрелігі

    VIII. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

    IX. Қорытынды және өтпелі ережелер. Қарқынды дамып жатқан әлемімізде заңнама да бір орында тұрған жоқ. Конституцияға қазақстандық қоғамды демократияландыруды арттыру тенденциясын дәлелдейтін түзетулер енгізіледі



Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.