profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от sanam1902

заповедники казахстана на казахском языке эссе

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан kairoch

    Материалдық құндылыктар жасау үшін қолданатын табиғат нысаналары табиғи қорларды (ТҚ) құрайды. Табиғи жағдайлардың табиғи қорлардан айырмашылығы — олар материалдық игіліктерді өндіруге қатыспайды. Бірақ табиғи жағдайлар мен табиғи қорларды таза шектеп бөліп тастауға болмайды. Мысалы, бұрын ауаны тек табиғи жағдайлар деп карастырылса, қазір табиғи қор ретінде қарастырылады. Табиғи қорлар әртурлі нышандар бойынша жіктеледі. Олар ауалық, сулық, өсімдіктік, жануарлық, топырактық, жеркойнаулық, энергетикалық және т.б. болып жіктеледі. Табиғи корлар үлкен екі топқа бөлінеді: сарқылатын және сарқылмайтын. Сарқылатын қорлар тағы қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Сарқылатын қорлар дегеніміз өндіру арқылы табиғи ортадағы мөлшері азайып отыратын қорлар. Қалпына келмейтін қорлар дегеніміз орны бос қалатын немесе адам пайдаланғаннан кейін әлдеқайда баяу қалпына келетін қор. Ол пайдалы казбалар. Қалпына келетін корлар көбею арқылы (мысалы, жануарлар мен өсімдіктер) немесе табиғи циклдар аркылы (мысалы, жауын-шашын) тұтыну мезгілімен салыстырмалы уақытта орнына келетін кор. Тағы табиғи қорлар пайдаланылуы, айырбасталынылуы бойынша бөлінеді. Өлкеміз минералдык қорға бай. Бізде хром, ванадий, висмут, фтордың ең бай коры бар. Сонымен қатар боксит, көмір, мыс, темір және цинктің мол қоры бар. Бокситтен алюминий өндіретін «Алиминиум Қазақстан» АҚ кәсіпорны жұмыс істейді. Одан басқа ірі кәсіпорындар: «Қазақ алтын» тобы, «Қазақхром» АҚ, «Балқашмыс» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы. Елімізде кандай металдар өндірілетінін кәсіпорындардың аты-ақ айтып тұр. Алтын корлары бойынша Шығыс Европа, Кавказ және Орталық Азия елдері ішінен үшінші орында. Мұнай, көмір, уран отын-энергетикалық қорға кедей емес.

    Қазақстан мұнай қорлары бойынша әлемде 11 -ші орын алады, қор көлемі — шамамен 9-18 млрд баррельді құрайды. Газ конденсатының қорлары шамамен 700 млн тонна. Бүгінгі күнде еліміз мұнай өндіру бойынша — 18-ші орында. Мұнай республиканың бес аймағында өндіріледі: Ақтобе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына. Қазақстандағы ең ірі мұнай мен газ кен көздері: Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған және Құрманғазы кеніштері. Сондай-ак Қытаймен шекаралас Шығыс Қазақстан облысында Қарабұлақ және Сарыбұлақ кен орындары табылды. Республикамызда мұнай-газ өндірісіне қажет құбырлар жүйесі жетіспейді. Сондықтан Атырау-Саранск-Самара құбыры, Каспий Құбыры Консорциумы, Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан кұбыры сиякты жаңа экспорттық маршруттар даму үстінде, Қытайға тікелей мұнай таситын Атасу-Алашанкоу құбыры салынды. Қазақстанда негізінен антрациттік және тас кемір корлары шоғырланған, оның көлемі 37,5млрд т. Көмір қоры негізінен Карағанды және Екібастұз бассейндерінде орналасқан. Қарағандыда көбіне жоғары сапалы таскөмір өндіріледі. Қарағанды көмірінің қалдық күлі 10-35 % құрайды, ал Екібастұз көмірінде — 38-50 %. Сондықтан соңғысы көбіне үй шаруашылығында және жылу электр станцияларында қолданылады. Кейінгі кезде стратегиялық шикізат уран АЭС отыны ретінде пайдаланылады. ТМД елдерінде уранның бай қоры Ресейде, ҚР, Өзбекстанда орналасқан, соның ішінде көбірек көлемі ҚР-да. Еліміздің койнауында уранның әлемдік қорының 20 % бар, Қазакстан корлары алты аймаққа топтасқан: Шу-Сарысу, Сырдария, СҚО, Каспий теңізі, Балқаш көлі және Іле өзені өңірі. Қазақстан қазба отынның қорына аса бай болғанымен, жанғыртатын энергия көздері экономикалық жағынан және коршаған ортаның сапасы мен адам денсаулығын жақсарту үшін мүмкіндік туғызар еді. Ондай энергиялар мыналар: гидроэнергия, жел энергиясы, күн сәулесі энергиясы, геотермалды энергетика, биогаз және биоотын. Бірақ осылардың ішінде кеңінен пайдаланылатыны тек гидроэнергия ғана. ❤

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.