profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от whitdeath

Пожалуйста эссе на тему Ұлт-ұстазы

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан TUSLAN4IKPUPS

    БАЙТҰРСЫНОВ Ахмет (Ахмет Байтұрсын, Байтұрсынұлы) (қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында 28.1.1873 жылы туған) – ағартушы, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы.

    28 қаңтар – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Кейіннен біреулер 1873-ті – 1872-ге, 28.01-ді – 05.09-ға ауыстырып жүр. Оның мәнісі – былай. Ахаңның өз қолымен жазған 7-8 анкетасы бар. Соның бір-екеуінде 5.9.1872 деп көрсетілген. Ал қалғанының бәрінде 28.01.1873 жыл болып жазылған. Тұрақталып қалған нәрсені өзгерткенде не табамыз? Біздіңше, осылай қала бергені дұрыс. Сондықтан келесі жылы – 145 жылдығы болмақ.

    Ауыл молдасынан, Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінен, Орынбордағы 4 жылдық қазақ мұғалімдері мектебінен білім алған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уезіндегі ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім, Қарқаралы қалалық училищесінде мұғалім, кейіннен меңгерушісі болды. 1905 жылдан бастап саяси күрес жолына түсті. Қарқаралы петициясын (құзырхатын) дайындаушылардың бірі, тәржіма өлеңдерін қамтыған «Қырық мысал» жинағы 1909 жылы Петербордан басылып шықты. 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен Семей түрмесіне жабылып, Ресей империясының ІІМ-нің Ерекше кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде сот шешімін шығарды. Осылайша 1910 жылы ­9 ­наурызда ­­Орынборға жер ауып келіп, 1917 жылдың соңына дейін қоғамдық-саяси және ағартушылық іспен айналысты. 1911 жылы төл өлеңдер жинағы «Маса», тұңғыш қазақша әліппе кітапшасы «Оқу құралы» жарық көрді. Ұзақ жылдар дүниеге әкелуге талпынған тұңғыш жалпыұлттық басылым «Қазақ» газетінің алғашқы санын 1913 жылы 2 ақпанда басып шығарып, 1917 жылдың аяғына дейін өзі редактор болды. 1917 жылғы жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен қазақ съездерінің өтуіне атсалысты, қос жалпыұлттық Құрылтайды (съезді) ұйымдастырып, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуына ұйытқы болды. 1919 жылы наурыз айында Мәскеуге барып Кеңес үкіметі басшыларымен келіссөз жүргізді, Алаш көсемдері мен мүшелеріне кешірім жариялатты. Өзі қазақ даласын басқаратын Әскери-революциялық комитеттің төрағасының орынбасары болып бекіді. 1920 жылы 26 тамызда құрылған Қазақ автономиялық кеңестік үкіметінің құрамына еніп, 1920-21 жылдары Халық ағарту комиссары, яки Оқу министрі, 1922 жылы Академиялық орталықтың, 1922-25 жылдары Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болды. Осы жылдары негізгі жұмысына қосымша Орынбор мен Тәшкендегі педагогикалық жоғары оқу орындары – Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениет тарихы пәндерінен дәріс оқыды. 1925 жылы Қазақстанға Сталиннің тапсырмасымен қандықол Ф.И.Голощекин басшы болып келгеннен кейін Алаш зиялыларының бастарына қара бұлт үйіріліп, бақ ұшты. 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынып, Мәскеудегі атышулы Бутырка абақтысына жөнелтілді. ОГПУ-дің 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен ату жазасына кесілді, кейін бұл үкім 10 жыл концлагерьге қамалуға, артынан 3 жыл Архангельскіге жер аударылуға ауыстырылды. Өмірлік жары Бадриса (Александра) екеуі де денсаулықтан айырылып, арып-ашып 1934 жылы Алматыға жеткенімен 1937 жылы 8 қазанда тағы бір мәрте қамауға алынып, 8 желтоқсанда Алматы түрмесінде атылды (Алаш. Алашорда. Энциклопедия. Алматы: «Арыс баспасы», 2009, 90-96-бб.).

    Ахаң ашқан ұлы жаңалық – төте жазулы қазақ әліпбиі («байтурсыновский алфавит») мен ғасырдан ғасырға ұласқан, төл терминологиямыздың қоржынына салған олжасы, сондай-ақ қазақ ­балаларына арнап төл «Әліппе» түзуі («Оқу құралы», 1910 жылдары), одан соң «Тіл – құрал» атты кітаптар тізбегімен кезең-кезеңімен тіліміздің дыбыс жүйесін (1-ші тіл танытқыш кітап, «Фонетика», 1912-15 жылдар) ажыратып-айқындауы, сөз жүйесін (2-ші тіл танытқыш кітап, «Этимология», 1914-17 жылдар) саралауы, ұзақ жылдардан соң сөйлем жүйесін (3-ші тіл танытқыш кітап, «Синтаксис», 1922-23 жылдар) сипаттауы және тіл қисынынан туындайтын сөз өнері ғылымын (бүгінгіше айтсақ, әдебиеттануды) қара сөз бен дарынды сөзге, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіне, діндар дәуір мен сындар дәуірге жіктеп-жіліктеген арнайы зерттеуі («Әдебиет танытқыш», 1923-25 жылдар) арқылы қазақ (тілді) мектебін, тұтас ұлттық оқу-ағарту саласын тыңнан түрен салып, жаңа сатыға көтеруі – «біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» (М.Әуезов, 1923 жыл). Түрменің сызды камерасы мен итжеккеннің айдауында жүріп аяқтаған, бар саналы ғұмырының қорытындысы іспетті, өз кезіндегі заманауи өркениет пен ғылым-білім жетістіктерін қазақы руханиятқа кіндіктестіре жүйелеп, тиянақтаған «Тіл теориясы» мен «Мәдениет тарихы» атты шоқтықты еңбектері, өкінішке орай, ұлты мен авторының талайлы тағдырын құшып, репрессияға ұшырады… Енді сол соқталы ойлардың кейбіріне назар сала отырыңыз.

    *Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы.

    *Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.