profile
[/banner_gorizont_adaptive]
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от jamikon

Мен адамдық диқаншысымын эссе

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан khajsbsbj


    Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.

    Адамдық диқаншысы - Ахаң
    Ақын Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысты қолдан бермейтін, адал азамат болған екен. Руластарына қысым көрсеткен Торғай уезінің бастығы, полковник Яковлевті соққыға жығып, 15 жылға Сібірге айдалыпты. Әкеден тірідей айрылу бала Ахметтің жан дүниесіне қатты әсер етіп:
    Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
    Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
    Алданып жегеніме оны ұмытсам,
    Болғандай жегенімнің бәрі харам, –
    деген алғашқы өлеңін шығарады. Патша әкімшілігінің әкесі мен туысқандарына көрсеткен қорлығы жанына жазылмастай жара салған ол өз өмірбаянында: «Осы бақытсыздық менің Торғай қаласындағы мектепке түсуіме себеп болды», - деп жазды. Кішкентайынан зерек, талапты Ахмет алғашында 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін жақын маңдағы ауыл мектебін бітіреді. Сосын Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде білім алып, оны бітірген соң Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын мектепке оқуға түседі. Оны тәмамдағаннан кейін өзінің бүкіл саналы ғұмырында алдына мақсат етіп қойған қазақ балаларының сауатын ашу жұмысына бар күш-жігерін арнайды. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – дейді Ахаң. Істі ағартушылықтан бастау – халқын құлдықтан азаттыққа алып шығатын жол екенін жақсы түсінген ол бастапқыда Ахметкерей Қонысбаев деген байдың үйінен мектеп ашып, кейіннен Аманқарағай ауылнай мектебінде бір жылға жуық бала оқытады. Көп ұзамай Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне ауысады. Міне, осылай Ахаңның бұралаңы көп ұстаздық жұмысы басталады. Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин: «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын қорғап, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды», – деп жазса, ақынның өзі ол туралы:
    Адамдық диқаншысы – жолға шықтым,
    Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.
    Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
    Көңілін көтеруге құл халықтың, – деп жырлайды. Алдына үлкен мақсаттар қойып, соған жетер жолда аянбай қызмет еткен қарапайым мұғалім Ахаңды кейін бүкіл ұлттың ұстазына айналады деген ой сол сәтте ешкімге де келмеген болар...

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан samal170282
      СПАИБОООО
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.