profile
Размещено 6 лет назад по предмету Қазақ тiлi от AibekMannapov

комек керек,сурет бойынша,алдын ала рахмет ​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан roma436730
    Оңтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысы мен Оңтүстік-батысының айтарлықтай бөлігін Қызылқұм мен Мойынқұм шөлдері және сазды, қуаң Бетпақдала алып жатыр. Шөл дала ландшафты әртүрлі: шексіз кеңістік сусымалы құмнан тұрса, кейде құбылмалы құм төбелерден, кейде батпақты төбешік пен ойпаттардан, тіпті бетон тәрізді қатты тақырдан, бетіне соры шыққан жерден тұрады. Осы жерге бейімделген сирек кездесетін өсімдіктерді кейде сағым ба деп қаларсыз. В.И.Даль жасаған сөздікке сүйенсек, «шөл дала – оңаша, адамсыз мекен» деген мағына береді. Шындығында, шөл дала судың жеткіліксіздігінің салдарынан адам өмір сүруге қолайсыз жер болып табылады. Сексеуілдің болмашы көлеңкесіне түйенің өзі тасаланғысы келетін жаздың күндері месілінше аптап ыстық. Дегенмен, қараған көзге тіршілік нышаны байқалмайтын шөл далада да құрғақ климатқа бейімделген өмір жүріп жатады. Жаздың аптап ыстығы, қыстың сүйектен өтер желінен соң, көктем айларында қайырымды сиқыршыдай, ұйқыдағы сұлуды оятқандай табиғат түрленіп ала жәнеледі, салтанатты түрге енген қуаң дала қатты сүйсіндіріп, таң қалдырады. Естен кетпестей көрініс пен сиқырлы әлем, өмір салтанаты түрлі бояуларға оранады. Тап-таза ауа бозторғай өнімен бірге сыңғырлайды, күн көзінде жатқан уақытша көлшіктер мен шалшықтарда бадыраң көзді бақалар аунайды, тамақтарын кере көңілді бақылдайды, жағасында ұзын аяқты батпақшы құстар маужырайды, құм төбелерде дуадақтар көкірегін кере сәнді күлгін ғанаттарын жайып ойнақ салады, көптеген үлкенді-кішілі тасбақалар да асыға өз тірліктеріне жорғалап кетіп барады, күлкілі құрсақты кесірткелер құйрығын сақинаша ширатып, жалпақ бастарын жып-жылы құм астына тығып маужырайды. 
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.