profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от Аккаунт удален

1.Жолда жүру ережелерінің тарихы туралы не білесің? 2.Қазақстан Республиксында жолда жүру ережесі қашан қабылданған? 3.Жол белгілерін <<халықаралық тіл>> деп атауға бола ма?

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан arsenmyrzakhmet

    1 Ертеде адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерлерімен баяу жүретін еді. Келе-келе жолдың қажеттігі туды. Бірте-бірте ат арбалар, түрлі көліктер жолда араласып жүретін болды. Серуен-саяхат көбейді.

    Саяхат жасауды ұнататын орыс патшасы Петр І кезінде жолдың түйіскен жерлеріне ағаштан баған орнатып қоятын болған. 1817 жылдан бастап ағаш бағандар арақашықтықты өлшейтін бағаналармен алмастырылған. Қала тұрғындары көбейген сайын олардың жүріп-тұруы қиындай бастады. Ат арбамен жүрудің өзі де күрделене бастаған.

    Ертеректе ат жегілген күймелердің ат айдаушылары арасында жүру тәртібін бұзатындар болыпты. Соған қарай, ат айдаушыларға тыйым салатын жарлықтар да шыққан көрінеді. 1742 жылы дәл сондай жарлық шығып, ат айдаушылардың өрескел тәртіп бұзушыларын полицейлер арқылы жазаға тарту туралы жарлық та шығыпты.

    1812 жылы Ресейде тұңғыш рет оң жақ қапталмен жүру тәртібі енгізіліпті және жылдам жүрушілерге шектеу қойылып, экипаждардың жүріс-тұрысын реттеуге алғашқы қадамдар жасалыпты. Арада жылдар жылжып өте береді. Жол бойында автокөліктер жүре бастайды.

    Ресейде 1920 жылдың 10 маусымында «Мәскеу және оның аймағында автокөлік жүрісін тәртіпке келтіру туралы» дерекке В.И.Ленин қол қояды. Онда жүргізушілерге жылдамдықты белгілеген мөлшерден арттыруға болмайтыны және жолдың тек оң қапталымен жүру керектігі ескертіледі.

    Бұл ереже сол кезде Ресейде ғана қабылданды. Содан кейін автокөлік саны өскен сайын ереже талаптары да қатая бастады. Уақыт өткен сайын өмір талабы да өзгере бастады. Машиналар саны көбейді. Жүріс-тұрыс қиындай түсті. Соған орай Жолда жүру ережелерінің талаптары да өзгеріп, қаталдана берді. Кеңес Одағында, оның барлық аймақтарында жолда жүру кезінде ерже бұзғандарға әкімшілік шара қолданып, жауапқа тарту жүзеге аса бастады.

    Біздің елде алғашқы ережелер 1931 жылы Алматы қаласында қабылданды. Ол Алматы көшелері мен аумағындағы жұмысшы поселкелері мен кіші стансаларға ғана қатысты екен. Осы жылы Алматы қаласында не бары 109-ғой автокөлік болыпты. Оның 49-ы жеңіл, 59-ы жүк машиналары еді. 1935 жылы машина саны 640-қа жеткен.

    Жолда жүру халықаралық Конвенциясына кірген елдердің қай-қайсысының жолдарында қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, қырғыз т.б. басқа сан ұлттың өкілдері жүре алады.

    Жүргізушілердің білім дәрежесі, шеберлігі, тәжірибесі күн санап жоғарылап келеді. Соның өзінде жолда жүру ережелерін бұзатындар баршылық. Осыған орай жолда жүру ережелеріне әр кезде өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп, олар жаңара бермек.2 Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

    ескерту белгілері

    басымдылық белгілері

    тыйым салу белгілері

    міндеттеу белгілері

    ақпараттық-көрсеткіш белгілері

    қызмет көрсету белгілері

    Қосымша тақтайшалар

  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан maudarbekova

    Ответ:

    Сұрақтарға жауап.

    1. Ертеректе аталарымыз атқа мініп немесе ат жеккен күймемен баяу жүретін болған. Уақыт өте келе жолдың қажеттігі туындаған. Жол пайда болғаннан кейін ар жеккен арбалармен қатар түрлі көлік түрлері де пайда бола бастады. Көлік түрлері көбейген сайын жолдағы тәртіпсіздік те көбейе түсіпті, сондықтан 1742 жылы ат жеккен күймелердің айдаушыларын жауапқа тартатын заң енгізіліпті. Тарихтан 1812 жылы Ресейде тұңғыш рет оң жақ қапталмен жүру тәртібі енгізіліпті және жылдам жүрушілерге шектеу қойылып, экипаждардың жүріс-тұрысын реттеуге алғашқы қадамдар жасалғанын білуге болады.

    2. Елімізде жолда жүру ережелері алғаш рет 1931 жылы Алматы қаласында пайда болыпты және ол тек қала аумағындағы көшелер мен жұмысшы поселкілеріне қатысты болған екен. Сол дылы Алматы қаласы бойынша тек 109 көлік қана болыпты. Дегенмен көліктің санының аздығына қарамастан сол кездің өзінде жол - көлік оқиғалары орын алыпты. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жолда жүру ережелері  Жолда жүру халықаралық Конвенциясының талабына сай өзгертілген болатын.

    3. Әрине, болады. Себебі жолда жүру белгілерін тану үшін шет тілін білу қажет емес, сіз қай тілде сөйлесеңіз де, жол белгілері ортақ, бірдей әрі түсінікті болады. Жол белгілері "халықаралық тіл" болғандықтан олардың көмегімен қандай бағытта жүру керектігін білуге болады.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.