profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от sjxhdhndbdbb08

"мақал -сөздің мәйегі" тақырыбына өз талдауларыңмен шығарма жазып бересиздерме

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан alenka0444

    Мақал-мәтелдер – халық ауыз әдебиетінің қазыналы байлығы саналатыны белгілі. Өйткені мақал-мәтелде халықтың дүниетанымы, өмірге көзқарасы, философиясы, өзге де мәселелер кеңінен көрініс табады. Мақал-мәтелдер қашанда белгілі бір ойды жеткізеді, әлдебір нәрселерден сақтандырады, бір сөзбен айтқанда, адамның тал бесіктен жер бесікке дейінгі өміріне азық болатын даналық ғибратындай жол көрсетіп тұрады. Мақал-мәтелді біліп өскен, соның мәйегін жастайынан құлағына құйып өскен бала өсе келе алды-артын ойлауға машықтанып, дұрыс шешім қабылдауға, қиындықты еңсеруге дағдыланады. Мақал-мәтел әр халықта бар.

    Бұл дүниежүзі елдерінің барлығына тән деп айта аламыз. Олардың арасында барша әлемге ортақ болып кеткен мақалдар да кездеседі, сондай-ақ әр халықтың өзіне ғана тән мақал-мәтелдері де ұшырасады. Бұл мәселелерді біз салыстыру кезінде танып-білеміз. Салт-дәстүрі ұқсас, ділі бір, діні бір түркі халықтарының мақал-мәтелдері де мағына жағынан, сөздік, сөйлемдік құрылым жағынан ұқсас болып келетінін байқау қиын емес. Енді соның барлығына рет-ретімен тоқталайық.

    Қазақ және ұйғыр тілдеріндегі ұқсас әрі ортақ мақал-мәтелдерді басқаларынан бөліп алып, салыстыра қарастыруымыздың мақсаты — бұл тілдердің туыстық жақындығынан ғана емес, мүмкін болғанынша сол тілдерде сөйлеуші Орта Азия халықтарының ең көнелерінен саналатын ұйғырлар мен қазақтардың рухани, мәдени, тарихи жақындығын да осы мақал-мәтел негізінде анықтай түсу. Мағынасы мен құрам-құрылымы жағынан толық сәйкес болып келетін абсолютті (толық) ұқсастыққа жататын мақал-мәтелдер: Адам адаммен адам (қазақша); Адәм адәм билән адәм (ұйғырша); Асы піспестің қазаны оттан түспес (қазақша); Еши пишмасниң қазини оттин чүшмәс (ұйғырша). Компоненттерінде азды-көпті өзгерістер бар, бірақ мазмұны ұқсас мақал-мәтелдерге мыналарды жатқызар едік:

    Ат айналып қазығын табар, Су айналып жазығын табар (қазақша); Ат айлинип оқурини тапиду, Мусапир айлинип юртини тапиду (ұйғырша); Ағайын тату болса — ат көп, Абысын тату болса — ас көп (қазақша); Ағинә инақ болса — ат тола, Игичә-сиңил инақ болса – аш тола (ұйғырша)

    Құрылымы, құрамы өзгеше, бірақ екі халықта да мазмұны өзара ұқсас болып келетін мақал-мәтелдер. Мысалы, қазақтың «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген мақалына ұйғырдың «Бир бекарчи миңни бекар қилур» мақалы мәндес келеді. Екі тілдегі мақалдың беретін ортақ мағынасы — бір нәрсенің көпке теріс әсер етуі.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.