profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от ZBEKSENO

Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқы туралы айтқан сөздері

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан altynbek08

    еменов-Тянь-Шанский қазақтар туралы: "Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім!" деген екен.

    Италияның қазіргі заманғы кәсіпкері Реналью Гаспирин: «Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім. Олар — қазақтар», — деп жазыпты.

    Қазақ әні Москваны басып кетті ғой! Қазақтың қандай талантты ел екенін білгің келсе, "Қыз Жібегін" көр! Күләш Бәйсейітова артық-кемі жоқ - бұлбұл!

    (с) Александр ФАДЕЕВ, (1936 жылғы онкүндіктен кейін Всеволод Ивановқа айтқаны).

    "Қазақтар мен тү­ріктердің мемлекеттік шекараларының қиыспайтындығы да, елтаңбаларының бір-біріне ұқсамайтындығы да бір-бірінен бөле алмайды. Біз түбі де, тегі де бір халықпыз. Аталы тұқым ешқашан азып-тозбайды»

    (с) Тайып Ердоған.

     

    "Қазақ халқының мәдениетінің, рухының қаймағы бұзылған жоқ. Тегі - сол тек, ол - "көк бөрі". Қанша дауыл соқсын, үскірік аяз шалсын қиындықтарды жеңіп, даламен де, қаламен де, жалпы әлеммен бірге үндестікте келе жатыр. Бұл көкжалдық емей немене?!"

    (с) Намык Кемал Зейбек.

    P.S. Намык Кемал Зейбек - Түркия Республикасының бұрынғы мәдениет министрі.

    Григорий Потанин, орыс ғалымы:

    Қазақтар – еті тірі, дені салауатты, өмірге іңкәр халық. Олар сауық-сайранды жаны сүйеді, ашық түсті киім-кешекті, өмірінде мереке, той-думандарды ұнатады. Әртістік өнер мен сәнді жасану жарыстары қазақтардың бойына атаққұмарлық нышанын дарытуы да ықтимал, мұның өзі оларды француздарға ұқсататын секілді. Афиндықтар тәрізді қазақтар жаңалықты әдеттен тыс ұнатады.

    Мейлі дала құнарының аңқасы кеуіп қалса да, мейлі табиғат шөлейтке төнген қатерге қарсы күресте дәрменсіз болса да, қазақ өмірі үшін халықтың рухани қан-тамырында күш-жігердің көл-көсір қайнар көзі бар, тек қазақтардың өздері осы қайнардан теріс айналмаса болғаны.

    «В юрте последнего киргизского царевича»

     

    Николай Зеленд, ресейлік дәрігер:

    Қазақ – қызу қанды халық. Оның рухында жайсаңдық, ізгілік тән, ұдайы жайдары жүреді. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көмбіс, ашуланбайды. Бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Олардың бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды. Мейілінше тату-тәтті өмір сүруді қалайды. Әйелдері иманжүзді, ақылды.

    «Киргизы» Омск, 1885

     

    Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.

    (с) С.Малов.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.