profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от alievaalina580

қазақтың ұлттық саз аспаптарымен таныс. Суреттегі аспаптар туралы мәлімет жина
а)шаңобыз
ә)сазсырнай
б)жетіген
г)домбыра​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан erasylsugirov

    ОтветШаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым. Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Әуенді әрлеп мақсатында шаңқобыз орындаушылары саусақтарына қоңырау іліп ойнайды.

    Сазсырнай – сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған.  Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты. Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын. Қазақ жерінің көп аймақтарында кең таралған.

    Жетіген – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық көп ішекті шертпелі аспабы. Сонымен қатар, жетіген тектес аспаптардың жалпы Азия халықтарының арасында кеңінен таралғанын атап өткен жөн. Әр халық өзінің ән-күй өнерінің ерекшеліктеріне қарай аталған көп ішекті аспапты құрылымдық, көркемдік жағынан әрқилы етіп өзгертіп, дамытып келеді. Соның ішінде қазақ халқының осы күнге дейін дәріптеп келген жетігені әуелінде жеті ішекті аспап болып танылған. Оның шанағы бітеу ағаштан шабылса, ішектерінің астына қой асығы тиек ретінде қойылып, аспаптың құлақ бұрауы сол асықтарды қозғалту арқылы келтірілетін

    Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап. Ендеше назарларыңызға домбыраның шығу тарихы мен түрлері жайында кеңінен ақпарат ұсынамыз.  

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.