profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от manddee246

Табигатка, жануарларга, кустарга адам колынан кастандыктар коптеп жасалуда деген пикир айтылады. Буган ким кинали?
можно пожалуйста эссе на 100 слов, буду благодарен.35б

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан ondassynr

    Ответ:

    Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.

    Жер бітіп су аққалы, сонау ықылым замандардан бері адамзат баласы табиғаттың берген мол сыйлығы - даланың тағы аңдарын өз қажеттіліктеріне пайдаланып келеді. Олар көп уақытқа дейін бұл байлықтың шегі таусылмас мол қоры бар деп есептеді. Алайда оның да

    қорының азаятын, тіпті кейбіреулерінің көздерінің таусылатын да күні бар екен. Кейбір деректерге көз салып қарайтын болсақ, көптеген жан-жануарлардың жер бетінен жоғалып кеткеніне бірнеше жүздеген жылдар өтіпті. Әдебиеттерде бұдан бірнеше мың жыл бұрын  

    есепсіз аулаудың нәтижесінде кәзір біз естіп білмеген, көрмеген хайуанаттардың жоқ болып кеткендігі жайлы жазылады. Ғалымдардың айтуы бойынша 1600 жылдан бері сүт қоректілердің 75 проценттен астам түрлерінің және құстардың 86 процентінің жер бетінен  

    жойылып кетуіне адамдар себепші болыпты. Бұларды енді қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Табиғаттың орны толмас ойсырауы деген осы. Ал «табиғатты бағындырамыз» дегенді желеу етіп, орманды жерлерді балтамен шабу, құнарлы жерлерді техникамен жыртудың да зияны болмай қалған жоқ. Біздің Қазақстанда тың игеру кезінде қаншама жер жыртылды. Оның да кезінде табиғаттың өзгеруіне, оны мекендеген аң-құстардың азаюына, басқа жаққа қоныс аударуына әсері болды.

    Объяснение:

    Можете убрать некоторые слова если слишком много

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.