profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от dark20011208

По данному тексту выполнить 3 задания
Өтініш. Қоштасу. Кешірім сұрау

«Әдепті дегенше, әдемі десейші» деген мәтел қазақ халқының әдеп сақтау тәлім-тәрбиесінің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан ерекше қасиетті тәлімдік дәстүріне айтылған. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы сыпайылық көрсетудің тамаша үлгілері өте көп. Осындай тәлімділік дәстүрдің бірі өтіну, кешірім сұрау, қоштасу.
Мысалы, өтініш білдіру сөздері: өтінемін айтып жіберші (-іңізші), қайталашы (-ыңызшы), түсіндірші (-іңізші), берші (беріңізші), әперіп жіберші (жіберіңізші), көрсетші (көрсетіңізші), алып келші (келіңізші), мені күте тұршы (тұрыңызшы), тоқташы (-ңызшы), кіре бер (беріңіз), есікті (терезені) ашшы (ашыңызшы), есікті (терезені) жапшы (жабыңызшы), рұқсат етіңізші, Сізден сұрауға болама екен ? мархабат етіңіз, өтінемін сөзімді бөлмеңізші, сәл тоқтауыңызды өтінемін. т.б. Қоштасу сөздері: Қайта көріскенше! Қайта кездескенше! Кешке дейін сау болып тұрыңыз! Әзірге сау бол (болыңыз)! Жолың (жолыңыз) болсын! Қош бол (-ыңыз), Жақсы демал (-ыңыз)! Хат жазып тұр (-ыңыз)! Аман барып, сау қайтыңыз! Қуанышта кездесейік! Қош-сау болыңыз! Аман-есен болыңыз! Кездескенше күн жақсы! Қуанышта кездесейік! Жолыңыз болсын! Сапарыңыз оң болсын! Кешірім сұрау сөзері: Кешіріңіз! Айыпқа бұйырмаңыз, ренжімеңізші, артық айтсам кешірім өтінемін, ашулана көрмеңізші, көңіліңізге алмаңыз, айтқаныңды орындайын, айтқаныңды екі етпейін, аяғыңа жығылайын, бір ашуыңды берші, тілеуіңді тілейін, оқасы жоқ, ештеңе етпес, қайтер дейсің т.б. Қазақ халқында өтініш білдіру, қоштасу, кешірім сұрау т.б әдептілік сөздері адам баласының жас ерекшелігіне қарамастан тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі үзіліссіз қызмет етіп келеді.


1. Мәтінде берілген өтініш білдіру, кешірім сұрау, қоштасу сөздеріне үш-үштен сөйлем құрыңыз.
2. Берілген тұрақты сөз тіркестері қандай жағдайларға байланысты айтылады /фразеологиялық сөздік бойынша жұмыс жүргізіңіз/.
Аяғына жығылды, жүрегі езілді, көңілі босады, қиылып сұрады, ағынан жарылды, қыдыр жолдасың болсын.
3. Қазақ халқының әдеп әліппесіне жататын қандай сөздерді білесіз ?
Үлгі: Бір адам көп адамға сәлем беруі керек, орынсыз жерде күлмейді, жасы үлкен кісілердің алдын кесіп өтпейді, т.б.

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан saida53

    Ответ:

    1.Өтініш

    Мені күте тұршы, қазір шығамын. Тоқташы, мен үйді кілттеуді ұмытып кетіппін.Терезені ашшы, таза ауа кірсін.

    Қоштасу.

    Елге аман-сау жетіңіз, кездескенше күн жақсы болсын! Балам, аман барып, сау қайт, жолың болсын! Барғаннан соң міндетті түрде хат жазып тұр.

    Кешірім.

    Анашым, артық айтсам кешірім өтінемін, қателесіппін енді қайталамаймын. Ашулана көрмеңізші, өтінемін, барлық айтқаныңды екі етпей орындайтын боламын. Оқасы жоқ, қателігіңді түсінсең болды.

    2. Аяғына жығылды, өз кінәсін түсініп, кешірім сұрау. Жүрегі езілді, яғни қатты жаны ашығанда болады. . Көңілі босады-аянышты халін түсінгеннен, аяғаннан, жаны ашығандықтан көңілі босайды. . Ол өзіне қатты ұнағандықтан қиылып сұрайды. Ағынан жарылды, барлық шындықты айтты. Қыдыр жолдасың болсын- жол жүріп бара жатқанда, бір ірі іс бастарда айтылатын батадағы сөз.

    3. Қыз балаға қырық үйден тыю. Үлкен тұрып, кіші сөйлемейді.

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.