Ответ:
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Түйелер сүтқоректі ірі жануарлардың біріне жатады. Түйе шөлді, тұзды аймақтарда тіршілік етеді. Түйелер шөлге, қатты аязға төзімді. Олар қыста бір рет, жазда екі рет су ішеді. Түйелер жем керек етпейді. Оның жейтіні тікенек, алабота, ащы шөптер.
Түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Біздің жерімізде түйені өсіруге қажетті жағдайдың бәрі бар. Түйенің екі түрі болады. Бір өркешті түйе, нар түйеге жатады, екі өркешті түйе айыр қоспаққа жатады.Түйе киелі жануар, оның пайдасы мол. Түйені мұрындықпен немесе бүйдамен байлайды.Оның еті мол, жүні биязды жұмсақ болады. Түйені жүндегенде пышақпен жүндейді. Түйенің жүнін сәуір, мамыр айларында күзейді. Түйе жүні шуда өте пайдалы. Ол буын ауруына пайдалы.
Түйенің шудасын, тұзға салып қайнатып аяқ буындары сырқырағанда, сарсу жиналған жерге таңса жақсы болады. Түйенің жүнінен жылы кеудеше және бас киім, қолғап, шәлі тоқиды, көрпе тігеді. Ол артық майын өркешке жинайды. Түйенің сүтінен жылма жасайды. Оған сәуір майын, аздап бал немесе қант қосады. Ол өкпе ауруына және қатты салқын тигенде өте пайдалы. Ол дәріханалардағы дәріден әлде қайда пайдалы.
Түйенің сүті өте майлы болады. Одан ірімшік, құрт, шұбат жасайды. Шұбатта адамдарға қажетті дәрумендер көп. Шұбат өкпе, асқазан, қан аздық, ішек ауруларына пайдалы.
Шұбатты дайындау үшін, сүтті ашытып, екі немесе үш күн қояды. Оны ашығасын күбі ыдысқа құйып шайқайды. Қазіргі кезде сырлы кастрюльге құйып әлсін- әлсін ағаш ожаумен сапырады. Шұбаттың ірмегі болмау үшін сапыра беру керек. Шұбат сол кезде өте қою әрі дәмді болады.
Мен бала кезімнен малдың арасында өстім. Атам мен әжем түйе малын ұстайды. Біздің үйде сегіз түйе бар. Түйелер наурыз, сәуір айларында боталайды. Мен түйенің боталағанын көрдім. Ботасы өте нәзік болады. Ботасы бір демалысқа дейін аяғын баспайды. Оны атам мен әжем сүйеп түйенің бауырына апарады. Кейде әжем түйені сауып, ботаға еміздікпен сүт береді. Ботаға жабу жауып, салқын тимесін деп салқыннан қорғайды. Біздің үйде екі өркешті айыр және қоспақ түйелері бар. Айыр түйе жатырқамайды. Ал қоспақ түйе өте қызғаншақ. Ол туғанда ботасын жеуге дейін барады. Сондықтан атам мен әжем ботасы аяқтанғанға дейін қасында болады. Атам түйелерге және тайлақтарға мұрындық тағады. Ал әжем болса боталарға ноқта тағады. Себебі жетектеп жүруге ыңғайлы. Мен атам мен әжеме көмектесемін. Жазда түйелерді далаға жайылымға айдап барамын. Үйде қалған боталарыма шөп су беремін, астын тазалаймын. Қыста бойдақ түйелер далада жайылып жүре береді.Тек сауатын түйе үйде тұрады. Әжем түйені үш сағат сайын сауады. Күніне сегіз рет сауады. Меннің әжем түйе сауғанда қасына барып ботасын ұстауға көмектесемін. Менім әжем шұбатты өте дәмді дайындайды.
Шұбаты өте қою әрі дәмді. Мен өзім шұбатты сүйсініп ішемін. Шұбат ішкен адамның дені сау болады.
Түйе деген қазақтың, бола білген серігі. Көшіп-қонған кездерде, жүгін артқан көлігі. Түйе малы халықтың, болған кіші қуаты. Жесең тамақ, ішсең ем, еті, сүті, шұбаты. Сондықтан да қазағым, қастерлеген түйені. Төрт түлік деп мал басын, санаған ғой киелі.
Еліміздің тұрғылықты халқы ықылым заманнан бері түйе шаруашылығымен айналысады. Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Қазақ елінің малсыз ешбір тіршілігі болмаған. Қазір де мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық көзі болып қала береді.
Сколько здесь прямоугольников
Какое управление было в древнейшем риме? как звали первого и последнего из царей рима?
Уроки французского ответе на вопрос : расскажите о герое по следующему примерному плану: 1.почему мальчик оказался в райцентре ? 2.как он чувствовал себя на новом месте? 3.почему он не убежал в деревню? 4.какие отношения сложились у него с товарищами? 5.почему он ввязался в игру за деньги? 6.как характеризуют его отношения с учительницей ? ответе на эти вопросы пожалуйста ! сочините сочинение пожалуйста
Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили
Переделай союзное предложение в предложение с бессоюзной связью. 1. океан с гулом ходил за стеной чёрными горами, и вьюга крепко свистала в отяжелевших снастях, а пароход весь дрожал. 2. множество темноватых тучек, с неясно обрисованными краями, расползались по бледно-голубому небу, а довольно крепкий ветер мчался сухой непрерывной струёй, не разгоняя зноя 3. поезд ушёл быстро, и его огни скоро исчезли, а через минуту уже не было слышно шума
помогите прошу!перепиши предложения, расставляя недостающие знаки препинания. объясни, что соединяет союз и. если в предложении один союз и, то во втором выпадающем списке отметь «прочерк».пример:«я шёл пешком и,/поражённый прелестью природы/, часто останавливался».союз и соединяет однородные члены.ночь уже ложилась на горы (1) и туман сырой (2) и холодный начал бродить по ущельям.союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2) однородные членычасти сложного предложения—.поэт — трубач зовущий войско в битву (1) и прежде всех идущий в битву сам (ю. янонис).союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2)
Вокруг прямого проводника с током (смотри рисунок) существует магнитное поле. определи направление линий этого магнитного поля в точках a и b.обрати внимание, что точки a и b находятся с разных сторон от проводника (точка a — снизу, а точка b — сверху). рисунок ниже выбери и отметь правильный ответ среди предложенных.1. в точке a — «от нас», в точке b — «к нам» 2. в точке a — «к нам», в точке b — «от нас» 3. в обеих точках «от нас»4. в обеих точках «к нам»контрольная работа по физике.прошу,не наугад важно