profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от Nuraitem

Мәтінде көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтарын құрастырындар. Сұрақтарға дәлелді жауап беру арқылы екі тәуелсіз мемлекеттің пайда болу себебін түсіндіріңдер.




Адамзат баласы өзінің тарихында қақтығыстарды қарусыз саяси жолмен шешуде біраз тәжірибе жинаған сияқты. Бірақ та, тек ХХ ғасырдың екінші жартысында қақтығыстар адамзат баласының өмір сүруіне, тірі қалуына нақты қатер-қауіп туғызатындығы анықталды, сондықтан да ғылыми еңбектерде кең көлемде қақтығыстар мәселесін жан-жақты ашу қалыптаса бастады. Оның мақсаты - қақтығыстардың ашық, қарулы түрінің алдын алу, оларды реттеу немесе жөнге салу, сондай-ақ қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу еді.Сондай қақтығыстардың бірі - Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир мәселесі.

Тарихқа жүгінсек, Үндістан мен Пәкістан мемлекеттері өз тәуелсіздігін алмай тұрып-ақ даулы қақтығыстардың ортасында болған еді. Сонау 1846-1947 жылдары Кашмир жартылай тәуелсіз болған кезінде-ақ ислам дінін ұстанушылар қоныстана бастаған болатын. Сол кездегі Ұлыбританияның қол астындағы Үндістан мен Пәкістан үкіметі индуизм ұстанушыларын қолдап, мемлекеттік қызметтерге үндістерді көбірек араластырады. Осыған наразы болған мұсылмандар 1931 жылы үндістермен алғашқы даулы қақтығысқа тап болды.Міне, осы кезеңнен бастап Кашмир қақтығысы өзінің шешімін іздеуде. Кашмир қақтығысы – ішкі аумақтық қана қақтығыс емес, оның кейін екі ел арасындағы қақтығысқа айналуы, аймақтағы қауіпсіздік мәселесіне тікелей әсер етуде. Бүгінгі Кашмир мәселесінің шығуының алғы шарты екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге келеді.1947 жылы ақпанда Ұлыбритания премьер-министрі Клемент Эттли лейбористік үкіметтің Үндістанға қатысты жаңа саясаты белгіленген ІІІ-декларацияны қабылдайды [2]. Яғни, Декларацияда Ұлыбританияның 1947 жылдың шілдесінде Үндістаннан толық шығатындығы жөніндегі міндеттеме белгіленген еді. Егер осы уақытқа дейін Орталық үкімет қалыптаспаса, онда билік тізгіні провинцияларға беріледі деп шешілген болатын. Елдегі Үнді Ұлттық Конгресі (ҮҰК) мен Мұсылман Лигасы (МЛ) саяси партияларының арасында ортақ пікірдің болмауы, қауым аралық және дін аралық қақтығыстардың өрши түсуі, сондай-ақ Үндістанның бөлшектену қауіпінің төнуіне байланысты елді екі доминионға бөлу қиын жағдайдан шығудың ең тиімді жолы ретінде қарастырылды. ҮҰК Үндістанның екі бөлшекке бөлінуіне қарсы болса, МЛ екіге бөліну теориясын ұстанып, соңында екі партия да тәуелсіздікті қолдады. Осындай саяси бағыттардың негізінде Британдық Үндістанда 1947 ж. 15 тамызында екі тәуелсіз мемлекет - Үндістан мен Пәкістанның пайда болғаны белгілі.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.