profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от serikbatarxanova

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи тұлғалар бейнесі. Көшпенділер – Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Ілияс Есенберлин «көшпенділерде» тарихи образдарды қалай сомдаған? Оқырмандарға тарихи шындықты қалай жеткізген? Көшпенділер – Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма – қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қойылған, тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Шығарма кейіпкерлері – негізінен тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау кезі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. Алмас қылыш романында – Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан. Жанталас романында – Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау. Қаһар романында – Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады. Қазақтың мұндай аумалы-төкпелі кезінде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин болса, осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі – коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.



Тапсырма:
- Мәтінді оқу, дәптерге жазу.
- Романдағы басты кейіпкерлердің аттарын жазу, олар туралы мәлімет беру.
- Сұрақтарға жауап беру:
* Роман неше кітаптан турады?
* Романның аты?
Басты кейіпкерлер кім?
* Батырлар не үшін күрескен

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.