Размещено 5 лет назад по предмету
Қазақ тiлi
от anzelasahmatova
•1 - тапсырма. Берілген сөйлемдерге назар аударындар. Не түсінгеніңді қысқаша баяндаңдар. 1. Кітап оқымаған адам-тамырсыз қаңбақ. 2. Кітап-рухани қазына. 3. Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы. •2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтандар. 1. Мен көп кітап…........................ . 2. Кітапты көп оқыған адам білімді................... . 3. Арманым - білімді азамат болу. •3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Дүниенің сырын білуге есік ашатын кілт - білім. Дана бабаларымыз: «Күш - білімде, білім -кітапта», "Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап", деп бекер айтпаған. Адам асыл мұратын, арман - мақсатына білім арқылы жетеді. Ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын-жазушылардың шығармаларын оқыған адам білімді, тәрбиелі, өнерлі болып өседі. Ағылшын философы -Фрэнсис Бэкон: «Кітап оку адамды білімді етеді, ал жазып отыру эдеті сауатты етеді» ,-дейді. Ал Конфуций: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды",-деген. •4-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңдар. •5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша кесте немесе сызба жасандар.