profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от gulnaz1706

Шыгарма жазу керек комектесип жибересиздерма

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан almashbolat

    Ответ:

    Көктем

    «Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтан оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.»деген сарында басталатын. Одан бері талай көктем келді кетті. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл. Қыс пен көктемнің алмасар уақыты. Бір – бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған балаларды есіме салады менің. Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі. Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем жадырап келеді. Бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан - жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Соның бірі НАУРЫЗ мерекесі. Бұл мереке қазақ елінің жаңа жылы болып саналады. Сондай - ақ тағы бір айтарлық мереке ол АНАЛАР мерекесі.

    Биылғы көктем ерке көрінді маған. Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды. Жүректі қобалжытады, бірақ сонымен адамды баурайды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл. Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерісті, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді. Ендеше әр біріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауылымызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенің осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке бірлік, тыныштық әкелсін! Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар; жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі көктем. Себебі біз күн жылысы мен мектеп ауласын тазалап, бүкіл қалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауылымызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз.

    Тазалық денсаулық кепілі, деп қазақ атам тегін айтпаған. Сол себепті мен осы жыл мезгілін ұнатамын.

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.