Размещено 5 лет назад по предмету
Қазақ тiлi
от adinanevazno
МӘТІНДІ ОҚЫП СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕР! - Надежда апай, сіздің келін боп түскен шаңырағыңыз – қазақ отбасы. Сізді өзіне ғашық еткен - қазақтың қай қасиеті еді? - Қазақтың дарқан даладай кең жүрегін, кең пейілін ұнаттым. Туыстығын, бауырмалдығын жақын тарттым. Аңқылдаған көңілі мен кір шалдырмас ар- ұятына тәнтті болдым. Інжу – маржан тілі мен жырына ғашық болдым...айта берсем, көмейімнен ағыла береді., бұл қазақты солай ұнаттым... Айтыстың дүлдүлі – Жамбыл бабамыздың босағасына келін болып түстім. Сәмен батырдың ұрпағы - Тұрлыбек ағаларыңмен шаңырақ көтердім. Үш қызымыз – Құралай, Қарлығаш, Ләйлә, ұлымыз – Жәнібек дүниеге келді қазақ жерінде. Аллаға мың тәубе! Мен қазаққа қарыздармын... - Бүгінгі айтыстың қоғамдағы мәселелерді шешуге қосар үлесі бар ма? -Айтыс – қазақ халқы үшін бөлінбес бір бөлшек. Әбден терең бойлап кеткен тамырдай. Айтыста үлкен мәселелерді көтереді. Қоғамның халыққа зиянды жақтарын ашық айтады. Нәтижесінде талқыға салып, дұрыс шешім қабылдады. Міне, айтыстың рөлі! -Алладан тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Сұхбаттасқан – Тұмар Алмалы
ВОПРОСЫ
1) Мәтіннің жанрын анықта
2) Мәтіннің публицистикалық стильдің қай түріне жатады?
3) Сұхбатқа байланысты екі ерекшелікті «+» белгісімен белгіле. көркемдік бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемделеді сенімді ақпарат көздеріне жүгінеді жазу шеберлігі, шешендігі мен қызығы да нұсқалығы назарға алынады жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйі, ішкі сезімі байқалады.