profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от sedmojfklass

«Ардагерлерді құрметтейік» тақырыбында эссе.Тірек сөздер: 9 мамыр, ұрыстың алғы шебі, Ұлы Отан соғысы, майдан мен тыл, күні-түні, тарихи оқиға. Сосын Б.Бұлқышевтың "шығыс ұлына хатын қатыстыруға тырысыңыздар.Көркемдік тәсілдер болуы керек теңеу эпитет мақал-мәтел

Сосын Б.Бұлқышевтың "шығыс ұлына хатын қатыстыруға тырысыңыздар(60 соз)
Даю 63 балла.Сроооочно!!!!Сделайте сегодня

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан kozykankyzyamina

    Ответ:

    Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. 

    Б. Момышұлы 

    Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады. Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр Жеңіс күні. 

    ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар уақиғасы – 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 70 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалды. Олардың теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. 

    Қазақстандық жауынгерлердің осы Жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Сталинград түбінде жаумен шайқасқан, генерал Панфиловтың дивизиясы құрамында Москваны қорғаған қазақстандықтарды біз мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысының даңқты шежіресіне алтын әріппен жазылған жауынгер жерлестеріміздің майдандағы ерлігін біз ерекше мақтанышпен бағалаймыз. Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі өнеге. Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен ауыр сын кезінде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар – ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады. Жалпы адамзат баласы үшін соғыс қажет пе еді? Осы соғыста қандай қайғы – қасіреттер болды десеңші! 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста мұз жастанып, қар төсенсе де, батырлық көрсетуден таймаған, ержүрек жауынгерлерімізді және қазақ деген батыр халықты әлемге танытқан батыр аталарымыз бен аналарымыздың ерлігіне бас иіп, 1 минут үнсіздік танытсақ артық болмас еді. Ұлы Отан соғысында асқан батырлығымен көзге түсіп, үкіметіміздің ең жоғары Совет Одағының батыры атағын алған жерлес аталарымыздың есімдерін атап өтсем, олар: Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, ұшқыш – Талғат Бигельдинов, Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз Доспанова апаларымыз, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов т.б. еді.

    Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші, 

    Арамызда ардақ болып жүріңдерші! 

    Құрметтейік жеңісті мамырдағы, 

    Бақыттан рахаттанып күліңдерші! 

    Ардагер аталарға бас иемін, 

    Қызығын сыйлаған бұл дүниенің. 

    Келешек ұрпағыңның бақыты үшін, 

    Батырлықпен қорғаған жаудан жерін –деген өлең жолымен өз ойымды аяқтаймын.

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан sedmojfklass
      NIS
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.