profile
Размещено 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от batirgireevasau1

50 БАЛЛОВ
= СОСТАВЬТЕ 5 ВОПРОСОВ С ОТВЕТАМИ
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 жылы шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығы-ның орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған.
ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар:
• «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882),
• «Дала уалаятының газеті» (1888–1902);
ХХ ғасыр басындағы газет-журналдар
• «Серке» (1907),
• «Бірлік туы» (1917),
• «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз),
• «Қазақстан» (1911–1913),
• «Ешім даласы» (1913),
• «Қазақ» (1913– 1918),
• «Айқап» (1911–1915),
• «Алаш» (1916–1917),
• «Сарыарқа» (1917),
• «Ұран» (1917),
• «Үш жүз» (1917),
• «Тіршілік» (1917).
«Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерімен қатар зор маңызға ие болған басылым — «Айқап» журналы. Журнал 1911–1915 жылдардың аралығында жарық көрген. Ол туралы Ү. Субханбердина былай деп жазды: «Троицк қаласындағы «Энергия» баспасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың əлеуметтік, саяси өмірінде, əдебиет пен мəдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды»
«Айқап» журналының шығарушысы жəне оның редакторы танымал жазушы, белгілі журналист Мұхамеджан Сералин. Зерттеуші-ғалымдар М. Сералинді қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі деп есептейді. Оған дəлел М. Сералиннің қазақ халқының ауыз əдебиетін зерттей отырып, өзінің де өлеңдер жаза бастауында. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгере отырып, «Топжарған» жəне «Гүлһашима» поэмаларын жазып, көпшілікке танымал болады. «Айқап» журна- лында М. Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды тақырып — жер мəселесі, отырықшы болу, егін кəсібімен айналасу, қала салу мəселелері болды. Бұл мəселелер жөнінде М. Сералин өзінің «Жер мəселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақалаларын жазып, оны «Айқап» журналының беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек журнал шығарып қана қоймай, ел арасындағы ағарту мəселесіне де көңіл бөледі. Журнал жабылып қалғаннан кейін ол 1919–1920 жж. «Ұшқын» газетінде де қызмет атқарады.
1913 жылы шыққан «Қазақ» газеті ел арасына ресми түрде ұлттық идеяны насихаттауда үлкен қызмет атқарды. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ірі қоғамдық ұйым — ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да осы «Қазақ» газеті. Газеттің № 1 санында «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету -қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі -осы. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп кетелік...», — деп өз оқырмандарына ой тастауында үлкен философиялық мəн бар.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.