Размещено 5 лет назад по предмету
Қазақ тiлi
от fatimakulanova
Тау іші. Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз? қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шық- қан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-тас- пай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды. Бұл – Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. (Қабдеш Жұмаділов)