profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от saule777

Отбасылық құндылықтар Берілген сөздерді синонимдерімен сәйкестендір. Отбасылық құндылықтарды насихаттаудың маңызы қанша? І.Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке – бәйтерек, бала – жапырақ», «Ата – балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды. ІІ.Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Баласының ата өнерін қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының ертедегі өсиет сөздеріне мән берсек, жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе, қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-құлықтарын көрсе, ұрысып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық. ІІІ.Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. ІV.Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі, ең алдымен, отбасы тәрбиесіне байланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы тәрбиесімен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. V.Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.