Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от madinasultan2000
Ораз ұшқан туралы аңыз
Осыдан 100 жыл бұрын орыс, ағылшын жиһанкездері Маңғыстауды аралап, Ораз деген кісінің үйінен түстенеді. Үй иесі келген қонақтарды Шерқаланың үстіне алып шығарады. Сонда келгендердің бірі:
- Осы сендер, қазақтар, далада тұрасыңдар, малдың етін жеп, сүтін ішесіңдер, басқа қандай өнерлерің бар?- депті.
Ораз біраз ойланып тұрып:
- Біз мына шыңның басынан ұшып кете аламыз,-дейді. Сонда қонақтар:
- Сендер тұрмақ, ғылым мен техникасы дамыған біз де ұша алмаймыз, ұшамын деп жерге құлап өлерсің, - дейді.
- Егер қазір ұшар болсам, не істер едіңдер?-деп Ораз келген қонақтарымен бәстеседі.
Ол таудың басына шығып, жан-жақты байқайды. Шапанының етегін ағытып, жел енді бір күшейіп соққан кезде шыңнан бір-ақ секіреді. Кең шапаны парашютке ұқсап жазылады. Елдің бәрі аң-таң. Ал Ораз ұшып барып, жерге түседі. Аяғын ауырсына басып тұрған ол:
- Маған бәстеріңнің қажеті жоқ. «тауды бағындырған қазақты көрдік» деп елдеріңе айтып барсаңдар болды, - депті қонақтарына.
Содан былай Шерқаланы халық «Ораз ұшқан» деп те атайтын көрінеді.
1. Оқиға қашан болған? 2. Мәтіндегі басты кейіпкер кім? 3. Келген қонақтар кім? 4. Қонақтар қазақтар туралы не айтты? 5. Басты кейіпкер не істеді? 6. Басты кейіпкер не үшін таудан ұшты? 7. Басты кейіпкер қандай адам?