profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от nikita6826860

ПОМОЩЬ С СОРАМ 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Оқу мақсаты
8.1.5.1 Тірек сөйлемдер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау .
8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығарма кейіпкерлерідің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Бағалау критерийі
Білім алушы
Негізгі ойды тірек сөйлемдер мен автор көзқарасы негізінде анықтайды
Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты : 15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.

1. Мәтіннен ең маңызды 3 сөйлемді жазыңыз.
1.
2.
3.

2. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
А) Нан өте тез көгеріп кетеді.
В) Жаңа технология бактерияларды жояды.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.
Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.
Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма?» – дейді.
1.Мәтіннен саудаға қатысты сөздерді теріп жазыңдар.
1.Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз.

Бағалау критерийі


№ тапсырма


Дескриптор


Балл


Білім алушы


Негізгі ойды тірек сөйлемдер мен автор көзқарасы негізінде анықтайды .
1-2
мәтіннен 3 тірек сөйлемді табады;
2
автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілейді;
1
Саудаға қатысты сөздерді теріп жазыңдар.
3
мәтіннен саудаға қатысты сөздерді теріп жазады.
2
Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді .
4
кейіпкерді анықтап, адамгершілік қасиетіне баға береді;
2
Барлығы


7

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.