Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от batirgireevasau1
40 БАЛООВ
Бауыржанның тағылымы
Халқымыз Бауыржан Момышұлын солдат, данқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының есімі аңызға айналған батыры, қаламы жүйрік талантты жазушы деп мақтан тұтады. ..... Бауыржан Момышұлы алғашқы қадамын мұғалімдіктен бастаған.
Оның өмірі, азаматтық келбеті, майдандағы қаһармандық жолы бір өнегелік мектеп болса, оның жазушылық мұрасы, сөйлеген сөздері, ақын- жазушылардың ол туралы жазған кітаптары, естеліктері университет тағылымына пара-пар.
Бауыржан Момышұлының батырлық өмірі ғажайып. Ол жауынгерлерді 207 рет ұрысқа бастап кірген, 5 рет қоршауда қалып, 7 рет жараланып, 3 рет ауыр контузия алған. Бұл ежелгі батырларға ғана тән, адам нанғысыз, керемет аңызға лайық емес пе?
(Ә.Нұршайықов ).
Тапсырмалар:
1. Мәтінге сұрақтар қой.
2. -шы, -ші, -кер, -гер жұрнақтары арқылы бірнеше мамандық аттарын жаз.
3. Б.Момышұлы туралы тағы не білесің?