Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от batirgireevasau1
40 БАЛЛОВ
Механизатор
Егін де пісті. Астықты алқапта қаздай тізіліп, комбайндар кетіп барады. Комбайн бидайды орып, оны бастырады. Таза дән комбайнмен қатар келе жатқан автомашинаның қорабына құйылады.
Қазір егіс алқабындағы барлық жұмысты бүтіндей дерлік машиналар атқарады. Сонда осы машиналарды жүргізетіндер кімдер? Әрине, механизаторлар.
Механизатор машинаның, трактор двигателінің, комбайнның құрылысын жетік менгерген адам. Егер бұл машиналардың біреуі бұзылып қалса, оны қалай жөндеу керектігін механизатор жақсы біледі. Егін егу немесе астық жинау науқаны қызған шақта машиналар бос тұруға тиіс емес. Барлық бригадалар мен машина парктерінің ойдағыдай жұмыс атқаруы механизаторға байланысты. Астықты дер кезінде жинап алудың барлығын машиналар мүлтіксіз жұмыс істегенде ғана жүзеге асады. Бұл күнде механизатор мамандығының ауыл шаруашылығындағы құрметті мамандықтың бірі болып есептелуі де сондықтан.
Тапсырмалар:
1. Есімдіктерді теріп, мағынасына қарай талда.
2. Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыр:
а/ сын есім + зат есім
ә/ зат есім + етістік
б/ үстеу + зат есім
в/ сан есім + зат есім