Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от kaktus2832
ОҚЫЛЫМ
Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз.
1-мәтін
20 тамыз
Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.
4 қыркүйек
Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.
2-мәтін
Біздің ауыл тамаша!
Көз тоймайды қараса...
Ағып жатыр өзені,
Жағасына өскен көп қамыстар аласа.
Әйтеке би атамыздың,
Есімімен аталған.
Қаздай болып тізіліп,
Әдемі үйлер салынған.
Мешіт те бар ауылда,
Саябақ бар тағы да,
Өзге ауылға бара қалсам,
Тез қайтамын ауылымды сағына.