Казақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті карпялар немесе балалар атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың уттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айкын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заманда балаларга көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай. Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар байланысты да болып келеді. Бала баіі, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол. Дәулет, Алтынбек, Алтынбай: күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр: сұлу да керікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар, акылды да тапкыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сиякты есімдерін таңдап қойған. Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай: балалары кайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәбиге Токтар, Тұрсын, Токтасын деген есімдер қойған.