profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от assabur22

тәуелсіздік-ащы термен келген тәтті жеңіс эссе (120-150)​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан Aida2536

    Ответ:«Тәубенің зоры – тәуелсіздік»

    Мен өзім Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін он бес жылға жуық уақыт өткенде өмірге келсем де, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін, түсінемін. Ғасырлар бойы осы кең дала төсін тұлпар тұяғымен дүбірлеткен бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген ата - бабамыздың ғұмыр бойы аңсағаны да, тілегені де - еркіндік. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ, талай боздақтарымыз қыршын кетті. Тәуелсіздік біздің елге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ, соның ішінде өзім де бармын, егемендіктің ғасырлар бойғы күрестің «Елім - жерім» деген жан дауыстың, қасық қандарын қиып, елі үшін жанын пида еткен аталарымыз бен аға - апаларымыздың қанымен келгенін естен шығармауымыз керек.

    Тәуелсіздік – ата - бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт - азаттық көтерілістердің, қала берді, кешегі Ұлы Желтоқсан оқиғасының тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.

    Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жол толқындары асау арғымақтардай көпке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы - қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай - ақ біледі. Ұшқан құстың қанаты талатын, шығысынан шыққан күн батысына зорға жететін кең жазира, жердің асты мен үсті тола байлық қазыналы байтақ далама көз тігушілер қай заманда да аз болмаған.

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.