profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от dilfuzabekzanova

«Мен елімді сүйемін, сол себепті елімді жыр
етемін» тақырыбында шағын эссе жазыңдар.​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан IsmanMedinA

    Ответ:

    «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата – бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге , көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туылып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Қазіргі кезде Қазақстан елі – тәуелсіз, кең байтақ ел. Қазақстанның туы, елтаңбасы, ұлттық әнұраны және мемлекеттік тілі бар. «Отаныды сүйсең , өркениетің артады» деп ойлаймын. Біз өзіміз жаңа шыңдарға шығып, елімізді қадірлейік!

    Туған жер – ыстық мекенім болып табылады. Себебі, сен өз туған жерінде, сүйікті мекеніңде ғана өзіңді еркін, әрі жақсы сезіне аласың. Жалпы туған жер адамға ыстық болып келеді. Мәселен, «Отан – оттан да ыстық» деген дана халқымыз адам баласының жүрегінде ең біріші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды , ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды , туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.

    Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар , татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және т.б. еңбектенуде. Бұл қазақ жерінің жомарттылығын, осындай ақкөңілдігін байқауға болыды. Сондықтан, татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы болып табылады.

    Менің өз көкейімнен шыққан сөздерімді жаза кетсем:

    «Естен шықпас туған елім, Тағдыр қайда апарса да, Қымбат болар өскен жерім, Ақыр заман болса да»,

    - демекші, Отаным – Қазақстан мен үшін өте киелі , қымбат, бағалы, ыстық болып табылады. Мен өз қазақ елімді құрмет тұтып, мәпелеймін . Қайда жүрсек те , туған елімізді ұмытпауымыз керек. Жалпы айтқанда, туған елім – ыстық мекенім.

    Менің туған жерім – Қазақстан. Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жеріә өте кеңбайтақ болып келеді. Дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орында. Қазақстан жерінде қаншама даналар , дарынды адамдар туып өскен , өзінің іздерін қалдырған. Мен мақтанышпен Қзақстанды «ұлы жер» деп атай аламын. Өйткені , Қазақстан – жоғарыда айтып кеткендей өте жомарт, кең , үлкен, қазыналы , дара жер. Қазақстанның осындай ұлы болуына септігін тизізген – елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Ол шет елдермен бейбіт қарым-қатынаста , саяси-әлеуметтік теңдікте басқарып отыр.

    Жақын арада Қазақстаннның тәуелсіздік алғанына 25 жыл болады. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған еді.

    «Сұлу жерлер көп те шығар,

    Сенен көркі озатын,

    Көңілімнің құшы қонар

    Жер жоқ сенен асатын»,

    - дей келе Қазақстаннан асатаны ел жоқ деп ойлаймын.

    Елім менің – Қазақстан. Қазақ елі көп ұлтты болып келеді. Жүз отыздан астам ұлт өкілі қазақ жерінде мекен етеді. Сонда да Қазақстан тату, бейбіт елдердің бірі.

    «Ел іші – алтын бесік» демекші ,өз елін саған өте жылы, туған болып келеді. Менің ойымша әр адам өз туған жүргенде өзін үйіндегідей сезінеді .Сол себепті елімізді мәпелеуіміз қажет. Осыған байланысты ақын – Сұлтан Сартаев айтқандай:

    Арым да сен,елім де сен

    – Өмірге арқау болатын.

    Алыс жолдан шаршап келсем

    Құшып мені алатын.

    Осы өлеңнің мән-мағынасын қарастырып көрейік. Өте терең. Ата-бабаларымыз айтқандай: « Өз үйім – өлең төсегім» туған елің саған мейірім нұрын шашып, қалай болса да ыстық болып табылады. Өзіміз білетіндей қазақ халқының ұлттық құндылықтары көп. Ең басты құндылықтың бірі – туған тіліміз.

    Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

    Бірақ оған аз бас иетін.

    Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

    Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

    Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,

    Орыс тілі сіңген ғой санамызға.

    Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі

    Ол тарих, сенің, менің абыройым!

    Қорытындылай келе, мен өзімнің туған жерімді, сүйікті мекенімді мақтан етемін. Осындай керемет өлең жолдарымен аяқтағым кеп отыр:

    «Борыштымыз бәріміз ді

    – Туған елге өскен жерге.

    Жасымыз да, кәріміз де,

    Бас иейік туған елге»,

    - демекші, әрқашанда өз туған елімізді сүйіп, мадақтайық. Қазақстан сияқты елдің болашағы зор екеніне сенемін!

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан IsmanMedinA
      дерт көрмесін емес па
    2. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан dilfuzabekzanova
      рахмет мен ушин жазганин ушин
    3. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан Аккаунт удален
      қателесіп кеттім кешіріңі
    4. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан Аккаунт удален
      мынаның бәрін жазбайтын шығарсыз шағын эссе деп тұр ғо
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.