Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от doskandaria650
. Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Аю қысқы жатақ іздеп шықты. Соңына екі баласы ерді. Орманның қалыңында бұрыннан көздеп жүрген орны бар еді. Ол – құлаған шыршаның орны. Шырша тамырымен қопарылып құлапты. Үлкен шұңқыр жақсы жатақ болады.
Аю әр жерден ағаштарды тырнап, белгі тастап кетті. Ол көктемде қайтар жолын табу үшін керек. Аю балаларымен жатаққа орналасқан соң, көп ұзамай қалың қар жауды. Шұңқыр түгел жабылып, кішкентай ғана саңылау қалды. Қонжықтары ұйықтап кетті. Бірақ аю қобалжып ұйықтай алмады. Ол қалғып кетіп, қайта оянып, сақ жатты. Төңірек тып-тыныш. Қасқыр, түлкі, қояндар бұл жатақты алыстан айналып өтеді.