profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от meyrbekdaut

«Астана - елімнің жүрегі ме?»

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан gulnaz060784

    Ответ:Астана — елімнің жүрегі ме?

    Астана — елімнің жүрегі ме? деген кезде, арғы - бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен- тегін болмаған шығар деп ойлаймын .Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.

    Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десек те, Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам, өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді. Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай адам баласын болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар.

    Қорыта айтқанда, Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналып отыр. Демек, Астана –елімнің жүрегі екені рас қой.

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.